24.12.2008, 15:37 1740

Мәжіліс кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы конвенцияны ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады

Астана. 24 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Шектен тыс зиян келтіреді немесе таңдамай әрекет етеді деп саналуы мүмкін кәдімгі қарудың нақты түрлерін қолдануға тыйым салу немесе шектеу туралы конвенцияны және Конвенцияға хаттамаларды: Анықталмайтын жарықшақтар туралы І хаттаманы, Өртегіш қару туралы ІІІ хаттаманы және Көзді соқыр ететін лазерлік қару туралы IV хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады,деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Заң жобасы жайлы палатаның жалпы отырысында ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Болат Сембинов баяндама жасады.

Конвенцияға әлемнің 102 мемлекеті қол қойған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны