14.09.2016, 11:57 2520

Мәжіліс Қазақстан мен Сербия арасындағы салыққа қатысты конвенцияны ратификациялау туралы заӊ жобасын мақұлдады

Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен өткен Мәжілістіӊ жалпы отырысында Қазақстан мен Сербия арасындағы салық салу туралы конвенцияны ратификациялау туралы заӊ жобасы мақұлданды.

Астана. 14 қыркүйек. Kazakhstan Today - Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен өткен Мәжілістіӊ жалпы отырысында Қазақстан мен Сербия арасындағы салық салу туралы конвенцияны ратификациялау туралы заӊ жобасы мақұлданды.

Мәжіліс "Қазақстан Республикасыныӊ Үкіметі мен Сербия Республикасыныӊ Үкіметі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық салудан жалтаруға жол бермеу туралы конвенцияны және оған Хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заӊыныӊ жобасын мақұлдады.

Конвенция Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастық тыӊ кеӊеюі мен нығаюына бағытталған", - деп хабарлады Мәжілісте.

"Бұл конвенцияны ратификациялау, бiрiншiден, уағдаласаушы мемлекеттердiӊ резиденттерi болып табылатын заӊды және жеке тұлғалардыӊ табысына қосарланған салық салуды жоюға мүмкiндiк бередi. Салық төлеушiге бiр рет, атап айтқанда, уағдаласушы мемлекеттердiӊ бiрiнде ғана салық төлеу рәсiмi бекiтiледi, ал әрiптес мемлекет оған салықтыӊ төленген сомасын есепке жатқызуды ұсынады. Екiншiден, инвестициялар үшiн қолайлы жағдай жасау арқылы Қазақстан мен Сербия арасындағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға, кеӊейтуге жол ашады", - дейдi ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов.

Министр айтып өткендей, 50 мемлекет осы сынды конвенцияны ратификациялады. 27 ел ЭЫДҰ құрамына енеді, 12 ел Таяу Шығыс қатарында тұр.

Сондай-ақ, екi мемлекеттiӊ құзыреттi органдары арасында салық мәселелерi бойынша ақпарат алмасу арқылы салықтан жалтаруларды болдырмау мәселелелерiн шешуге көмектеседi.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны