08.01.2014, 18:46 2871

Мәжіліс Қазақстан мен Швейцария арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы конвенцияға енген түзетулерді мақұлдады

Мәжіліс Қазақстан мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияның ратификациялық түзетулерін мақұлдады.

Алматы. 8 қаңтар. Kazakhstan today. Бүгін Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс Қазақстан мен Швейцария Федералдық Кеңесі арасындағы табыс пен капиталға салынатын салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенцияның ратификациялық түзетулерін мақұлдады. Бұл туралы ҚР Парламент Мәжілісі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.

"Жаңалықтар Конвенцияның "Өзара келісу ресімі" деген 25-бабына және Конвенцияның "Ақпарат алмасу" деген 26-бабына түзетулер енгізу көзделген. Бұл өзгерістер уағдаласушы мемлекеттердің салық қызметтері арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге және салықтан жалтаруды болғызбау мақсатында салық салу мәселелері бойынша ақпарат алмасуды жүргізуге мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.

"Зейнетақы қоры немесе зейнетақы схемалары", "зейнетақылар" деген терминдер Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасына сәйкес келтірілді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны