17.01.2007, 15:37 2944

Мәжіліс Қазақстанды балаларды қорғау және шетелдіктердің балаларды асырап алуына қатысты ынтымақтастық жөніндегі Конвенцияға біріктіру және оны бекіту туралы заң жобасын толықтыруға жолдады

АСТАНА. 17-қаңтар. Kazakhstan Today. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Қазақстанды балаларды қорғау және шетелдіктердің балаларды асырап алуына қатысты ынтымақтастық жөніндегі конвенцияға біріктіру және оны бекіту туралы" заң жобасын салалық комитетке толықтыруға қайтарды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Конвенция асырап алынған балалардың мүдделерін қорғауда, олардың негізгі құқықтарын құрметтеу және балаларды ұрлау немесе оларды сатудың алдын алуды қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, сонымен қатар баланы асырап алу процессінің заңдылығы мен баланың асырап алған отбасында дұрыс орналасуына екі мемлекет тарапынан да бақылау жасауға көмек көрсетуді көздейді",- делінген мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысында.

"Депутаттардың көптеген ұсыныстары бар. Мен жұмыс тобының басшысы ретінде аталмыш заң жобасын комитетке толықтыруға жіберуге ұсыныс жасаймын",- деді жалпы отырыста сөз алған мәжіліс депутаты Бағила Баймағанбетова.

Заң жобасын талқылау барысында мәжілістің бірқатар депутаттары аталмыш заңның қабылдануына қарсы шықты.

"Қазақстанның конвенцияға бірігуі халықаралық бала асырап алу, балаларды шетелдіктердің асырап алуына берудегі құқықтық қорғау мәселелерін реттеуде басқа мемлекеттермен күш біріктіруге мүмкіндік береді",- делінген қорытындыда.

Конвенцияға 1993 жылдың 29-мамырында Гаагада қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны