29.12.2010, 15:37 5142

Мәжіліс Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне енгізілетін өзгертулер туралы хаттаманы мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 29 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжілістің халықарылық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің қорытындысына сәйкес, хаттамада Кеден одағының кедендік аумағынан карантинге жатқызылған өнімді әкету кезінде карантиндік фитосанитариялық бақылау шарасы өсімдіктер карантині саласындағы Тараптар мемлекеттерінің халықаралық міндеттемелеріне және ел заңнамаларына сәйкес жүзеге асырылатыны айқындалады.

Құжатқа сәйкес, Кеден одағының кедендік аумағына әкелінетін карантинге жатқызылатын өнім мен ондай орын Тарап мемлекетінің фитосанитариялық талаптарына сәйкес келуі тиіс. Бұл ретте фитосанитариялық ресми ақпаратты Тараптардың уәкілетті органдарының ресми сайттарында, ЕурАзЭҚ-тың ақпараттық жүйесінде, Кеден одағының ықпалдасқан сыртқы және ішкі өзара саудасының ақпараттық жүйесіне орныластыру қамтамасыз етіледі.

2009 жылдың 11-желтоқсанындағы Кеден одағының өсімдіктер карантині туралы келісіміне өзгертулер енгізу туралы хаттамаға 2010 жылдың 21-мамырында Санкт-Петербургта Кеден одағына мүше мемлекеттер арасында қол қойлған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны