31.10.2007, 14:27 3033

Мәжіліс "Кедендік кодекске өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Мәжіліс "Кедендік кодекске өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын мақұлдады

Астана. 31-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары жалпы отырыста "Кедендік кодекске өзгертулер енгізу туралы" заң жобасын бірінші және екінші оқылымында мақұлдады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Түзетулер кедендік процедураларды қысқартуға және сыртқы экономиканың алыс-беріске қатысушылардың жұмысын жақсартуға бағытталған",- деп мәлім етті мәжіліс депутаты Владимир Бобров заң жобасын таныстыра келе.

Оның айтуынша, "Кедендік кодекске енгізілетін өзгертулермен 316-баптың 1-тармағының 7 тармақшасы мен 383 баптың 1-тармағының 5 абзацын қысқарту ұсынылған".

Бұрын хабарлағанымыздай, аталмыш заң жобасы парламент депутаттарының бастамасымен көтерілген болатын. Заң жобасының авторлары, Қазақстан Республикасының Кедендік кодексінің 316-бабы "Мәлім етілген кедендік құнды растау үшін құжаттар ұсыну" мен 383-бабының "Таңдалып алынған кедендік режимнің талаптарына сәйкес құжаттар ұсыну" жөніндегі жекелеген нормаларын жүзеге асыру "Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін және әкетілетін тауарларды кедендік рәсімдеуді қиындатып, орындалуы мүмкін емес жағдайға әкеп тірейтіндігін" түсіндірген болатын.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны