28.01.2009, 16:13 2753

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" заңының күші жойылды деп тану туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Мәжіліс "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" заңының күші жойылды деп тану туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады

Астана. 28 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу және "Қазақстан инвестициялық қоры туралы" Қазақстан Республикасы заңының күші жойылды деп тану туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Бұл заң жобасымен Қазақстанның 4 кодексіне және 14 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көзделген. Қазақстан Республикасының Жер кодексіне инвестициялық стратегиялық жобаларды іске асыру үшін жер учаскелерін беру бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Экологиялық кодекске мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын инвестициялық жобаларды іске асыру тәртібін оңайлату бойынша түзетулер енгізу қарастырылған. Сол секілді Салық кодексіне де өзгерістер енгізілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны