АСТАНА. 20-маусым. Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "Мемлекеттік сатып алу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.
"Қолданыстағы заңнан бір ерекшелігі, оған "мемлекеттік сатып алуды жоспарлау" деген ұғым енгізілген, заң жобасымен мемлекеттік сатып алу көлемі мен номенклатурасын жоспарлау кезеңі мемлекеттік сатып алу жөніндегі заңнамамен реттелетін салаға қамтылады",- деді республика қаржы министрі Наталья Коржова.
Заң жобасымен "тапсырыс берушілер аясы реттеліп, мемлекеттік сатып алу заңнамасының әсері аясынан шығарылған сатып алу бағыттары қысқартылған". "Бір жағынан тапсырыс берушілер аясынан ауылдық мекемелерді шығару ұсынылса, екінші жағынан, осы заңнаманың әсері аясына енгізілген өндірістік сектор ұйымдарының тізімі нақтыланған",- деді ол.
"Заң жобасымен тапсырыс берушілерге мемлекеттік сатып алуға байқау жолымен бөлінген қаржының көлемі туралы ақпаратты ашуды міндеттейтін норма енгізілді, басқаша айтқанда, сатып алуға жұмсалған бюджет ашық әрі жариялы болмақ",- деді қаржы министрі.
Заң жобасымен сыбайлас жемқорлық заң бұзушылықтарға баруға жол беретін алғышарттар жойылған. "Байқау комиссиясы тарапынан бағамен манипуляция жүргізуге немесе тиімсіз бәсекелестерден құтылу үшін жалған себептерді пайдалануға жол бермеу үшін арнайы ереже белгіленіп, соған сәйкес потенциалдық сатушылар бағаға қатысты ұсыныстарын квалификациялық іріктеуден кейін байқау қорытындысы шығатын күні жеке таныстыратын болды",- деді Н.Коржова.
"Мамандар мен техникалық сарапшылардың байқау құжаттамаларын жасау немесе сарапшылық қорытындыны дайындау барысында жол берген заң бұзушылықтары үшін жеке жауапкершілік жүктейтін" норма енгізілген.
Сонымен бірге, мәжіліс депутаттары заңнама нормаларын "Мемлекеттік сатып алу туралы" заңның жаңа редакциясымен сәйкестендіруге бағытталған "Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік сатып алу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.
Заң жобалары екінші оқылымға дайындау үшін мәжілістің салалық комитетіне тапсырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Мәжіліс мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады
тақырып бойынша жаңалықтар
Президент Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілді тағайындады
Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Ілияұлы Нұров Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды", деп көрсетілдген Өкімнің мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Қазақстан Президенті су тасқынынан кейін өңірлерді қалпына келтіру мерзімдерін белгіледі
Қазақта "Алпыс күн тасыған дария, алты күнде қайтады" деген сөз бар. Көп ұзамай қарғын су кетіп, жұрт күнделікті өмірге оралады. "Әр қиындықтың қайыры бар" дейді халқымыз.
Қазіргі алапат тасқын да, түптеп келгенде, елімізге оң әсерін тигізеді деп ойлаймын. Сын сағатта жұдырықтай жұмылған жұртымыз осы қалпында өрлеу, жаңғыру кезеңіне қадам басады. Бәрі де жақсы болады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Елімізде су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетілуде
Мемлекеттің халық алдындағы әлеуметтік міндеттері толық әрі уақтылы орындалуда. Зардап шеккен аймақтардың тұрғындарына әлеуметтік төлемдер бекітілген мерзімнен бұрын берілуде. Мұндай режим биылғы 1 қыркүйекке дейін сақталатын болады. Одан бөлек, мүгедектігі бар азаматтарды қайта куәландыру мен бірінші тоқсанда атаулы әлеуметтік көмекті алып жүргендер үшін қайта тағайындау мерзімдері 1 шілдеге дейін автоматты түрде ұзартылды", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Тасқын судан зардап шеккендердің барлығына 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде біржолғы төлем қарастырылған. Бүгінде ол 11 мыңнан аса отбасыға төленген. Үкімет азаматтарға бүлінген үй заттарын алу үшін қосымша 150 АЕК-ке дейінгі мөлшерде көмек көрсету туралы шешім қабылдады", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Бүгінде 500-ден аса бала әлі де эвакуациялық орталықтарда қалып отыр. Олар да білім беру үрдісімен қамтылған. Олардың ата-аналары тасқын судың кетіп, үйлеріне оралғанын немесе баспаналарын қалпына келтіру үшін бағалау жүргізілуін күтіп жүргенін түсінемін. Бұл санаттағы балалардың ата-аналарына бізде балаларды орналастыруға қарастырылған тағы 4 мыңнан аса орын бар екенін айтқым келеді. Егер келісімін берсе, оларды сол жерлерге орналастыруға дайынбыз. Оқу маусымы аяқталған соң ата-аналардың келісімімен балаларға өзі тұрып жатқан аймақта, не басқа өңірлерде орналасқан жазғы демалыс лагерлеріне баруына мүмкіндік беріледі. Бұл мәселемен Оқу-ағарту, жоғары білім, туризм және спорт министрлері тікелей айналысуда", - деп атап өтті Тамара Дүйсенова.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Бектенов Атырау облысында су басу қаупін азайту үшін қабылданып жатқан шаралардың барысын тексерді
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев ҚХА сессиясын онлайн-форматта өткізу туралы шешім қабылдады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Көктемгі дала жұмыстарына қосымша 400 миллиард теңгеге дейін қаражат тартылады
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасарларын тағайындады
Мемлекет басшысының өкімдерімен Лугмар Харкиевич Буларов және Юрий Германович Шин Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасарлары болып тағайындалды", деп көрсетілген Өкім мәтінінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Есірткі саудасының 50 пайыздан астамы Астана, Алматы және Алматы облыстарына тиесілі - ҚМА
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
Ең көп оқылғаны
19.04.2024, 11:11Қазақстандағы су тасқынынан зардап шеккендерге үкімет қандай көмек көрсетеді 19.04.2024, 18:42 94846Көлік прокуратурасы 900-ден астам кәсіпкердің құқықтары қорғады19.04.2024, 18:27 92476Қазақстанның барлық әуежайында жолаушылар биометриясын енгізу жоспарланып отыр19.04.2024, 18:23 91116Қонаев қаласының әкімі тағайындалды19.04.2024, 18:20 91026Қазақстанда вейпке тыйым салынады: Тоқаев заңға қол қойды
04.04.2024, 16:35 121586Инвестиция тарту жөніндегі кеңес отырысында жобаларды "жасыл дәліз" тетігіне енгізу критерийлері қаралды04.04.2024, 16:30 121301Президент Батыс Қазақстан облысының су басқан аумақтарын тікұшақпен аралады18.04.2024, 12:51 107771"Семей орманы" резерваты мен Қазақстандағы үш облыс өрт болған жағдайда дайын емес04.04.2024, 16:25 106151Тоқаев су тасқыны туралы: бұл бұрын-соңды болмаған табиғи апат18.04.2024, 16:22 103736Қазақстанда мемлекетке қайтарылған активтердің бір бөлігі су тасқыны салдарын жоюға жіберілді