19.09.2012, 14:13 2881

Мәжіліс мерекелер туралы заңға енгізілетін түзетулерді қабылдады

Аталған құжаттың мақсаты 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу болып табылады. Заң жобасы ҚР Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы" 2012 жылғы 3 мамырдағы бұйрығына сәйкес әзірленген.

Астана. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңына толықтыру енгізу туралы" заң жобасы мақұлданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аталған құжаттың мақсаты 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін мемлекеттік мереке ретінде белгілеу болып табылады. Заң жобасы ҚР Президенті - ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы туралы" 2012 жылғы 3 мамырдағы бұйрығына сәйкес әзірленген.

"2012 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы Күштерінің құрылғанына 20 жыл толды. Осыған байланысты заң жобасында 7 мамыр Отан қорғаушылар күнін - Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі етіп белгілеу көзделіп отыр. Заң жобасының қабылдануы қосымша қаржы шығындарына, сондай-ақ теріс әлеуемттік-экономикалық салдарға әкеліп соқтырмайды",-деді Қорғаныс министрінің орынбасары Сергей Громов.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Сенатқа жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны