03.02.2010, 15:40 3314

Мәжіліс Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шарт хаттамасын ратификациялауды мақұлдады

Мәжіліс Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шарт хаттамасын ратификациялауды мақұлдады

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Мәжіліс депутаттары бүгін өткен жалпы отырыста "Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шарт хаттамасын ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті қорытындысы бойынша, хаттама Тәжікстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Исмаилиттер имаматы арасындағы келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады. 1-бапқа сәйкес, Орталық Азия Университетін құру жөніндегі шарт пен жарғыда пайдаланылатын "салық" термині Қазақстан жағы үшін Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы кодекске сай белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді білдіреді.

Комитеттің хабарлауынша, хаттамаға Астанада 2008 жылдың 12 наурызында және Парижде 26 мамырда қол қойылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны