05.02.2014, 21:01 3095

Мәжіліс Өзбекстанның еркін сауда аймағына қосылу ниетіне қатысты хаттаманы жұмысқа алды

2012 жылғы ақпанда Өзбекстан Шартта көзделген бірқатар міндеттемелерді өтпелі кезеңдер ұсынылған жағдайда оған қосылу ниеті туралы ТМД-ның Атқарушы комитетін хабардар етті.

Алматы. 5 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста Мәжіліс 2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы Шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын жұмысқа алды.

Мәжілістен хабарлағандай, шартқа Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Молдова, Ресей, Тәжікстан және Украина қатысатын болады.

2012 жылғы ақпанда Өзбекстан Шартта көзделген бірқатар міндеттемелерді өтпелі кезеңдер ұсынылған жағдайда оған қосылу ниеті туралы ТМД-ның Атқарушы комитетін хабардар етті.

"Осыған орай хаттамаға 2013 жылғы 31 мамырда ТМД Үкімет басшылары кеңесінің отырысында қол қойылды", - деді Мәжілістің жалпы отырысында Халықаралық істер және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мәулен Ишімбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны