01.02.2011, 13:39 5331

Мәжіліс президент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу жөніндегі заң жобасын өндіріске алды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір Конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын өндіріске алды., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 1 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс жалпы отырысында палата депутаттары "ҚР кейбір Конституциялық заңдарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" заң жобасын өндіріске алды., деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Мәжіліске ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтің 2011 жылдың 31-қаңтарындағы № 51-9.70. үндеуі келіп түскен.

"ҚР Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес ҚР парламентіне "ҚР конституциялық заңына кейбір толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" конституциялық заңның жобасын қарауға енгіземін",- деп айтылған үндеуде.

Аталған заң жобасымен "ҚР Сайлау туралы" және "ҚР Президенті туралы" заңдарға өзгерістер енгізіледі. Атап айтқанда, бұл ретте кезектен тыс Президенттік сайлау өткізу мәселесі қарастырылған.

"Заң жобасына сәйкес кезектен тыс Президенттік сайлау ҚР Президентінің шешімімен тағайындалады және тағайындалғаннан кейінгі 2 ай мерзімінде өтеді. Кезектен тыс сайлаулар кезекті сайлаудың тәртібімен өтеді. Сайлау науқанының мерзімін Орталық сайлау комиссиясы анықтайды. Ал одан кейінгі кезекті сайлау 5 жылдан кейінгі заңда белгіленген мерзімде өтеді. "ҚР Президенті туралы" заңға енгізілетін өзгерістерге сәйкес, кезектен тыс сайланған Президенттің ант қабылдауы сайлау қорытындысы жарияланғаннан кейін 1 ай ішінде өтетін болады. Ант қабылдау мерзімін ОСК анықтайды",-деді заң жобасы бойынша түсініктеме берген Мәжіліс депутаты Рахмет Мұқашев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны