20.06.2012, 15:07 2970

Мәжіліс рұқсат беру құжаттарының санын 30 пайызға қысқартатын жобаны мақұлдады

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Астана. 20-маусым. Kazakhstan Today - Мәжіліс рұқсат беру құжаттарының санын 30 пайызға қысқартатын жобаны мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

Құжат Парламент Сенатына жолданатын болады.

Аталған құжат Мемлекет басшысының лицензиялар мен рұқсат беру құжаттарының санын тағы да қосымша 30 пайызға қысқарту туралы тапсырмасына орай әзірленген болатын.

Осыған орай, заң жобасына сәйкес 1096 рұқсат құжаттардың жоғары қауіп-қатерден сақтандыруды қамтамасыз етуге әсер етпейтін 40-ы хабарландыру тәртібіне алмастырылады. Ал азаматтардың өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндірмейтін ақпараттық сипаттағы 257-сі алынып тасталады. Сөйтіп, қорыта айтқанда, рұқсат құжаттардың 30 пайызға жуығы қысқартылады.

Бұл ретте құжат қолданыстағы 80 заңнамалық актіге өзгерістер енгізуді көздейді. Атап айтқанда, лицензиялау қағидаттарына сәйкес келмейтін қызметтің жекелеген түрлерін лицензиялау жойылады. Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функциялары қысқартылады. Ал, жаңадан құрылған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін 3 жыл ішінде тексеруге тыйым салу көзделеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны