08.11.2006, 16:05 2735

Мәжіліс ТМД мемлекеттерінің өзара сауда-саттықтағы шектеулерді кезеңмен жою туралы хаттаманы бекітуді мақұлдады

АСТАНА. 8 қараша . Kazakhstan Today. Бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында депутаттар "ТМД мемлекеттерінің өзара сауда-саттықтағы шектеулерді кезеңмен жою туралы хаттаманы бекіту" туралы заң жобасын мақұлдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Хаттаманың мақсаты -өзара сауда айналымын ұлғайту, тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ету және ТМД-ға мүше мемлекеттер халықтарының тұрмыс жағдайын жақсарту",-деп мәлімдеді депутаттарға заң жобасын ұсынған индустрия және сауда вице-министрі Асқар Баталов.

Оның айтуынша, хаттама ТМД мемлекеттері арасындағы өзара сауда-саттықта еркін сауда режимінен алынатын алым-салықтарды алып тастаудың жалпы мерзімін белгілейді . Сонымен қатар, хаттамада импорт барысында өзара еркін саудадағы тарифтік емес шектеулерді алып тастаудың нақты мерзімі айқындалған.

"Қазіргі алым-салықтарды жою ТМД мемлекеттеріне еркін сауда аймағын құруды аяқтауға мүмкіндік береді",-деді А.Баталов.

Хаттамаға 2005 жылы 3 маусымда Тбилисиде қол қойылған болатын.

Заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны