20.02.2014, 19:10 18332

Мәжіліс Төрағасы Н.Нығматулин Бакуге келді

Кездесу қорытындысында Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Изірбайжан Милли Меджилисінің арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Алматы. 20 ақпан. Kazakhstan today. Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Изірбайжан Республикасының астанасы Баку қаласына келді.

Мәжілістен хабарлағандай, спикер екі күндік жұмыс сапары барысында Изірбайжан Милли Меджилисінің төрағасы Октай Асадовпен кездесіп, алдағы өзара іс-қимыл бағыттарын талқыламақ.

Кездесу қорытындысында Қазақстан Парламенті Мәжілісі мен Изірбайжан Милли Меджилисінің арасында ынтымақтастық туралы Келісімге қол қою жоспарланып отыр.

Сондай-ақ, Нұрлан Нығматулиннің Баку мемлекеттік университеті оқытушыларымен және студенттерімен кездесуі межеленген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны