26.02.2014, 20:33 4708

Мәжіліс "Жалақыны қорғау туралы Конвенцияны ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады

"Жалақыны қорғау туралы Конвенция (95 Конвенция) 1949 жылғы 1 шілдеде Женевада Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 32-ші сессиясында қабылданды",- деп атап өтті құжат бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Қуаныш Сұлтанов.

Алматы. 26 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін өткен жалпы отырыста Мәжіліс "Жалақыны қорғау туралы Конвенцияны (95 Конвенция) ратификациялау туралы" заң жобасын мақұлдады.

"Жалақыны қорғау туралы Конвенция (95 Конвенция) 1949 жылғы 1 шілдеде Женевада Халықаралық еңбек ұйымы Бас конференциясының 32-ші сессиясында қабылданды",- деп атап өтті құжат бойынша жұмыс тобының жетекшісі депутат Қуаныш Сұлтанов.

Конвенцияға сәйкес "жалақы" термині атауы мен есептеу әдісіне қарамастан, ақшамен есептелетін және келісімде немесе ұлттық заңнамада белгіленетін, жалдау туралы жазбаша немесе ауызша шартқа сәйкес кәсіпкердің еңбекшіге орындалған не орындалуға тиіс еңбегі үшін немесе көрсеткен не көрсетілуге тиіс қызметі үшін төлейтін кез келген сыйақыны немесе кез келген табысты білдіреді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны