18.01.2017, 12:50 4425

Мәжіліс жергілікті өзін-өзі басқару туралы заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады

Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ жаӊа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтті,- деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

Астана. 18 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгін Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ жаӊа жылдағы алғашқы жалпы отырысы өтті,- деп хабарлайды ҚР Парламенті Мәжілісі аппаратыныӊ баспасөз қызметі.

Мәжіліс Спикері алда Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев жүктеген жауапты міндеттер тұрғанын және оларды сапалы заӊдармен қамтамасыз ету жолында атқарылатын жұмыстардыӊ көп екенін алға тарта келіп: - біз аймақтарда болып, сайлаушылармен де кездестік. Осы уақыттарда айтылған барлық мәселелерге алдағы заӊ шығару жұмысымызда ерекше көӊіл бөлетін боламыз,-деді.

Атап айтатын болсақ, бүгінгі отырысқа бірінші оқылымда ұсынылып отырған жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесіне қатысты заӊ жобасы маӊызды құжаттардыӊ бірі.

Одан әрі күн тәртібін талқылауға кіріскен депутаттар Ұлттық Экономика министрлігі әзірлеген жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту жөніндегі заӊ жобасын бірінші оқылымда талқылады. Заӊ жобасы аудандық маӊызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деӊгейінде дербес бюджетті кезеӊ-кезеӊмен және жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ коммуналдық меншігі институтын енгізуге, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныӊ бюджеттік процестегі және коммуналдық меншікті басқарудағы өкілеттіктерін одан әрі кеӊейтуге бағытталған.

Талқылау барысында Мәжіліс Төрағасы бұл мәселеніӊ өте маӊызды екенін ескеріп, министрге жауапты мемлекетттік органдардыӊ жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін елдіӊ ортақ бюджеттік жүйесіне интеграциялауға қаншалықты дайын екендігі туралы сұрақты алға тартты. Осы ретте Мәжіліс Спикері қазынашылықтыӊ қолданыстағы ақпараттық жүйесін кеӊейту қажеттігін атап өтті.

-Сіздер бұған дайынсыздар ма? Ол үшін қаржы қаралды ма? Бұл ауылды жерлердегі интернеттік қолжетімділікпен қаншалықты сәйкес келеді? Естеріӊізде болса, сіздер кірістерді жалпыға бірдей декларациялау туралы заӊды қабылдау кезінде де осылай келгенсіздер. Одан кейін белгілі болғанындай, мемлекеттік кірістердіӊ ақпараттық жүйесі жаӊа режимге дайын болмай шықты. Осы жолы да солай болмай ма?-деді. Мәжіліс Төрағасы көтерген тағы бір өзекті мәселе ауылдық округтер әкімдеріне бюджеттік процесстер және коммуналдық меншікті сауатты әрі дұрыс басқаруды оқытуды ұйымдастыру.

-Шын мәнінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы мекеменіӊ мүмкін "клиенттері" емес, "жан-жақты дайындықтан өткен" әкімдер шығуы қажет,-деді Н. Нығматулин.

Мәжіліс депутаттарыныӊ сын-ескертпелері заӊ жобасын екінші оқылымға дайындау барысында қатаӊ назарға алынатын болды.

Бүгін халық қалаулылары аталған құжатты бірінші оқылымда мақұлдау туралы Қаулы қабылдады.

Қазақстанда ауылдық әкімдерді қаржылық сауаттылыққа оқытады, деді Тимур Сүлейменов.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері бойынша заӊнамалық түзетулер атап айтқанда, аудандық маӊызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деӊгейінде дербес бюджетті қалыптастыруды көздейді. Сүлейменовтыӊ айтуынша, әкімдерді жаӊа енгізілімдерге мұқият дайындайтын болады.

"Жергілікті өзін-өзі басқарудыӊ дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу, жергілікті өзін-өзі басқару органдарыныӊ бюджет процесі мен коммуналдық меншікті басқарудағы өкілеттіктерін кеӊейту көзделген", - деп хабарлады ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов.

Ол еліміздіӊ бюджет жүйесініӊ 3 деӊгейден тұратынын түсіндірді. "Аудандық маӊызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер деӊгейінде дербес бюджет жоқ. Бұл дегеніміз шамамен 2,5 мыӊ әкімшілік бірлік", - деп ақпараттандырды министр.

Оныӊ айтуынша жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті аудандық маӊызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ деӊгейінде 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтық бірліктерде, ал 2020 жылдан бастап барлық жерлерде мемлекеттік бюджеттіӊ 4 - деӊгейі ретінде енгізілетін болады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өздерініӊ бюджеттерін мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға, абаттандыру және көгалдандыруға, автомобиль жолдарын салу және жөндеуге, елді мекендерді сумен жабдықтауды ұйымдастыруға жұмсайтындары жоспарлануда.

Сүлейменов "кадрларды болашақтағы өзгерістерге жан-жақты дайындаудыӊ жүзеге асыралуына" сендірді. Оныӊ айтуынша, қаражатты жоспарлау және жұмсау, салық жинау, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру мәселелері бойынша арнайы оқыту курсы әр өӊірлерде жүргізілуде. Сондай-ақ, бюджетті жоспарлау, атқару және коммуналдық мүлікті басқару мәселелері бойынша ауыл әкімдері аппараттарыныӊ мамандарын дайындау мақсатында ақпараттық-насихаттау топтарын қалыптастырылды.

"Тренингтер, түсіндірулер, облыстан, орталықтан мамандардыӊ келуі сияқты мұндай дайындау шараларды өткізу өте маӊызды", - деді Сүлейменов.

Ол мәжіліс депутаттарыныӊ ұсынымдарына сүйене өӊірлерге таратылатын болатын арнайы анықтамалық қалыптастырылатынын атап өтті.

Палата спикері Нұрлан Нығматулин ауылдық әкімдерді бюджеттік процесс пен коммуналдық меншікті дұрыс және сауатты басқаруға оқыту қажеттігін атап өтті. Бұл, оныӊ айтуынша қаражаттарды тиімсіз пайдалануды болдырмауға ықпал етеді. Нығматулин аталған нормалар екінші оқылымға пысықталуы керектігін атап кетті. Министр мұндай қажеттілікпен келісті және заӊ жобасы осы бөлімінде түзетілетініне сендірді.

Сондай-ақ, жақын уақытта денсаулық сақтау және әлеуметтік - еӊбек салаларына қатысты заӊ жобасы қаралады.

Н. Нығматулин атап өткендей, жол қозғалысы туралы, ақпарат және коммуникация, коммерциялық емес ұйымдар басқа да салмақты құжаттар бойынша тыӊғылықты жұмыс істеу міндеті тұр.

Палата Төрағасы сессия соӊына дейін Мәжілісте өтетін үкіметтік сағаттар мен парламенттік тыӊдауларға да айрықша көӊіл бөлді.

Осы жұмыстардыӊ барлығын бірлесіп, жоғары деӊгейде орындауымыз керек дей келіп, Палата Спикері: - Мәжілістіӊ еӊ басты міндеті әдеттегідей заӊ шығармашылық жұмысыныӊ сапасын күшейту мен заӊдардыӊ орындалуына бақылауды күшейту,-деді.

Жалпы отырыста депутаттар тарапынан оӊ бағасын алған тағы бір заӊ жобасы Қазақстан Үкіметі мен ЮНЕСКО арасындағы Қазақстанда Орталық Азия өӊірлік гляциологиялық орталығын құру туралы келісімді (2-санат) ратификациялау.

Гляциологиялық орталық ғылыми зерттеулерді жүзеге асырады, ғылыми-зерттеу бағдарламаларын әзірлеуді көтермелейді, Орталық Азиядағы тау мұздықтарыныӊ еруіне байланысты болжамдар мен тәуекелдер мәселелері жөніндегі бағдарламаны ұйымдастырады, жүргізілген ғылыми зерттеулердіӊ нәтижелерін таратуды қамтамасыз етеді.

ЮНЕСКО қажетіне қарай Орталыққа өз сарапшыларыныӊ қызметін ұсыну, уақытша негізде қызметкерлер алмасуға қатысу, өздерініӊ қызметкерлерін Орталықтыӊ қарауына уақытша іссапарға жіберу, сондай-ақ техникалық қолдау ұсыну нысанында көмек көрсетеді.

Осы күні сондай-ақ, "Стандарттау туралы" және оған ілеспе заӊ жобалары жұмысқа қабылданды.

Сонымен бірге, бірқатар заӊ жобалары бойынша атап айтатын болсақ, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкімен Қарыз туралы келісімді (Илеуметтік медициналық сақтандыру жобасы), Ислам Конференциясы Ұйымына мүше елдер арасындағы экономикалық, техникалық және сауда ынтымақтастығы туралы бас келісімді ратификациялау бойынша қорытынды әзірлеу мерзімі тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны