19.01.2019, 20:51 5609

Мәжілісте алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелер талқыланды

Мәжілісте "Нұр Отан" партиясы фракциясыныӊ депутаттары алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметіне қатысты мәселелерді талқылады

Астана. 19 қаӊтар. Kazakhstan Today - 18 қаӊтарда Мәжілісте вице-спикер, "Нұр Отан" партиясы фракциясыныӊ жетекшісі Гүлмира Исимбаеваныӊ төрағалығымен биылғы жылдыӊ алғашқы фракция жиналысы өтті.

Отырыстыӊ тақырыбы - "Қазақстан Республикасы Президенті Н.И.Назарбаевтыӊ 2018 жылғы 5 қазандағы "Қазақстандықтардыӊ әл-ауқатыныӊ өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметініӊ қолжетімділігі мен сапасын арттыру туралы (сырқатты басқарудағы жаӊа әдістер енгізу)".

Фракция жетекшісі Гүлмира Исимбаеваөзініӊ кіріспе сөзінде партия төрағасы Н.И.Назарбаев төртінші сессияныӊ ашылуында және де жыл сайынғы Жолдауында алқашқы медициналық санитарлық көмекке (АМСК) қолжетімділікті, әсіресе ауылдық жерлерде әрі қарай арттыру бойынша айқын және нақты тапсырмалар бергенін атап өтті.

Вице-спикер заӊ шығарушылардыӊ және үкіметтіӊ осы бағытта бірқатар жұмыс атқарғанын да сөзге тиек етті. Денсаулық сақтау мәселелері туралы заӊ қабылданып, онда тегін медициналық көмектіӊ кепілдендірілген көлемініӊ жаӊа моделі заӊнамалық тұрғыдан бекітілді. АМСК-ны қаржыландыру көлемі ұлғаюда.Енді алғашқы медициналық қызметтердіӊ қажетті көлемімен еліміздіӊ барлық тұрғындарын толыққанды қамтамасыз етіп, теӊ қолжетімді болуы үшін ұйымдастырушылық, экономикалық және практикалық шаралар кешені қажет.

Гүлмира Исимбаева бүгінгі таӊда 1900-ден аса ауылдық елді мекендер алғашқы медициналық санитарлық көмекпен толық қамтылмағанынаерекше назар аударды. Бұдан басқа, 37 ауылдық елді мекенде жақын маӊдағы медициналық пунктке дейінгі арақашықтық 30-дан 180 километрге дейін, ал белгіленген 5шақырым. Осыған байланысты фракция жетекшісі медициналық ұйымдар жүйесін дамытудыӊ инфрақұрылымдық жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Сонымен қатар вице-спикердіӊ айтуынша, денсаулық сақтау ұйымдары жүйелерініӊ нормативтерін қайта қарап, ауылдағы тұрғындар саны ғана емес, елді мекендердіӊ бір-бірінен алшақтығы, географиялық және табиғи-климаттық факторлары ескерілу қажет.

Сонда ғана, барлық тұрғындарға медициналық көмек қызметтеріне теӊ қолжетімділікті қамтамасыз ете алатындығын айтқан Гүлмира Исимбаева медициналық ұйымдар жүйесін дамытудыӊ инфрақұрылымдық жоспарын пысықтау қажеттігіне тоқталды.

Жиналыста алғашқы медициналық санитарлық көмек сапасын жақсарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ляззат Ақтаева баяндады.

Отырыс барысында депутаттар - фракция мүшелері Зәуреш Аманжолова, Құралай Қаракен, Гүлнар Бижанова, Мұрат Теміржанов. Ирина Унжакова, Кәрібай Мұсырман, Абай Тасболатов, Омархан Өксікбаев алғашқы медициналық санитарлық көмек жүйесін әрі қарай жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар енгізді. Атап айтқанда, денсаулық сақтау ұйымдары жүйелерініӊ нормативтерін географиялық және табиғи-климаттық факторларын ескере отырып қайта қарауды, АМСК шеӊберінде медициналық қызметтердіӊ оӊтайлы тізімін қабылдауды, денсаулық сақтау объектілерініӊ бірыӊғай картасын пысықтауды, автомобиль жолдарын денсаулық сақтау объектілеріне икемдеп салуды, ауылдық жерлерде жедел жәрдем автомобильдерді жаӊарту бойынша шаралар қабылдауды ұсынды.

Іс-шара қорытындысы бойынша алғашқы медициналық санитарлық көмек қызметініӊ сапасын арттыру мен қолжетімділігін уақытылы қамтамасыз етуге байланысты бірқатар министрліктер мен жергілікті атқарушы органдарға ұсынымдар тапсырылған фракция қаулысы қабылданды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны