25.02.2009, 18:44 3192

Мәжілісте "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заң жобасы бойынша сенаттың ұсыныстары мақұлданды

Мәжілісте "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заң жобасы бойынша сенаттың ұсыныстары мақұлданды

Астана. 25 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Мәжілісте "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заң жобасы бойынша сенаттың ұсыныстары мақұлданды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Палатаның баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжілістің жалпы отырысында "Инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" заңға қарастырылған өзгерістерге сенат енгізген толықтырулар қаралды. Мәжіліс депутаттары сенат енгізген түзетулерге өз келісімдерін білдірді.

Сол секілді "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бойынша қос палата арасында келісім комиссиясының ұсыныстары мақұлданды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны