03.02.2010, 12:08 1764

Мәжілісте кеше "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті

Мәжілісте кеше "ҚР кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті

Астана. 3 ақпан. Kazakhstan Today - Мәжілісте кеше "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша толықтырулар енгізу туралы" заң жобасының таныстырылымы болып өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Заң жобасының негізгі мақсаттары "электрондық ақша" ұғымын және құқықтық мәртебесін, электрондық ақша эмитенттерінің және иеленушілердің құқықтары мен міндеттерін заңнамалық бекіту, сондай-ақ төлемдерді жүзеге асыру үшін оларды пайдалану кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттеу болып табылады.

Осы заң жобасымен Қазақстанның бірқатар заңдарына түзетулер енгізілгелі тұр. Атап айтқанда, "Икімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекске Қазақстанның электрондық ақша шығару және пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген талаптарды бұзғаны не орындамағаны үшін электрондық ақша эмитенттерінің әкімшілік жауапкершілігін белгілеу мақсатында толықтырулар енгізілетіні қарастырылып отыр.

Сондай-ақ "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекске банктердің электрондық ақша шығару және операцияларға қызмет көрсету жөніндегі қызметтерін қосылған құн салығынан босату бөлігінде өзгерістер енгізіледі.

Сонымен қатар "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы", "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы", "Ақша төлемі мен аударымы туралы" Заңдарға түзетулер енгізу көзделген.

Заң жобасы қабылданған жағдайда интернет (Интернет-коммерция) арқылы он-лайндық режимде жасалатын азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырудың тиімділігін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік беретін төлем құралдарының тізбесін кеңейту күтіліп отыр.

Инновацияларды және бөлшек сауда саласында халықтың ұсақ, күнделікті төлемдерін жасау үшін қолма-қол ақшаны тиімді ауыстыруға қабілетті "электрондық ақша" жүйесін пайдалануға негізделген жаңа банк өнімдерін енгізу, бұл қолма-қол ақшаны ығыстыруға және оның айналыс аясын тарылтуға ықпал ететін болады.

Сонымен бірге дәстүрлі төлем құралдарына балама төлем жүргізу тәсілін пайдалану арқылы Қазақстанда электрондық сауданы дамытуға жәрдемдесу және сауда қызметі үшін Интернетті пайдалану мүмкіндігін кеңейту мақсатында осы заң жобасы дайындалған.

Заң жобасы бойынша Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының оң сараптамалық қорытындысы берілген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны