02.02.2018, 13:54 6784

Мәжілісте коммерциялық емес ұйымдардыӊ қызметі мәселелеріне арналған заӊ жобасы мақұлданды

Заӊ жобасын әзірлеушілердіӊ айтуынша, біріншіден, заӊ жобасында мақсатты топтардыӊ қажеттіліктеріне талдау жасау, зерделеу және үкіметтік емес ұйымдар ұсыныстары негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру процесініӊ бірыӊғай тәсілдері белгіленген.

Астана. 2 ақпан. Kazakhstan Today - 31 қаӊтарда Парламент Мәжілісініӊ Спикері Нұрлан Нығматулинніӊ төрағалығымен Палатаныӊ жалпы отырысы өтті.

Онда депутаттар коммерциялық емес ұйымдардыӊ қызметі мәселелері бойынша түзетулерге арналған заӊ жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Отырыс барысында Мәжіліс Спикері ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдар мен ірі қалалардағы ұйымдар деӊгейініӊ айырмашылығы бар екеніне баса назар аударып, арнайы конкурстарда ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардыӊ грантты да, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты да жеӊіп алуы қиын екеніне алға тартап келіп:

- Шынында да әлеуметтік стандарттар дайындалған кездеміндетті түрде ауылдыӊ жағдайынескеру керек. Себебі, ауылдыӊ да, қаланыӊ да өз ерекшелігі бар. Сондықтан,стандарттарды енгізгенде осы ерекшеліктерге қарай тиісті жағдай жасау қажет,-деді Н. Нығматулин.

Заӊ жобасы нормаларын әзірлеу барысында еӊ озық тәжірибелер есепке алынып, Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Польша, Франция мен Хорватия сияқты елдердіӊ халықаралық тәжірибесі зерделенген.

Заӊ жобасын әзірлеушілердіӊ айтуынша, біріншіден, заӊ жобасында мақсатты топтардыӊ қажеттіліктеріне талдау жасау, зерделеу және үкіметтік емес ұйымдар ұсыныстары негізінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру процесініӊ бірыӊғай тәсілдері белгіленген.Екіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс нәтижелерін бағалауды енгізу жоспарлануда, ол халыққа көрсетілген қызмет сапасына қанағаттану деӊгейі мен жоба тиімділігін анықтауға мүмкіндік береді.Үшіншіден, үкіметтік емес ұйымдар көрсететін мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстыӊ сапасына, шарттарына, мазмұнына бірыӊғай талаптар немесе стандарттар, сондай-ақ әлеуметтік жобаларды бағалау критерийлерін енгізу ұсынылады.Төртіншіден, сыйлықақыларды және гранттарды беру механизмі жақсарып келеді.Бесіншіден, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асыру, гранттарды ұсыну және сыйлықақыларды беру бағыттары нақтыланады.

Жалпы бұл заӊ жобасыныӊ мақсаты - мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты іске асырудыӊ тиімділігі мен ашықтығын арттыру арқылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс саласындағы заӊнаманы жетілдіру болып табылады.

Заӊ жобасымен жұмыс істеу барысында депутаттар қосымша Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және 3 заӊға - "Тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау туралы", "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" және "Мемлекеттік жастар саясаты туралы" Қазақстан Республикасыныӊ заӊдарына түзетулер енгізді.

Сонымен қатар отырыс барысында 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасыныӊ қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылған шарттыӊ жекелеген ережелерін қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Заӊ жобасыдепутаттар тарапынан қолдауға ие болды.

Заӊ жобасы 2017 жылғы 11 сәуірде Мәскеуде жасалған Хаттаманы ратификациялауға бағытталған.

Хаттамада Еуразиялық экономикалық одаққа мүше әрбір мемлекет үшінкедендік әкелу баждарыныӊ сомаларын бөлудіӊ жаӊа нормативтеріне қатысты ережелер қамтылған.

Айта кету керек, Одаққа Армения мен Қырғызстанныӊ кіруіне байланысты, Еуразиялық экономикалық одақтыӊ әрбір мүше мемлекетіне кедендік кіріс баждарыныӊ сомаларын нормативке сәйкес үлестіруге арналған Хаттаманы ратификациялау бүгін қаралып отырған заӊ жобасыныӊ басты мақсаты болып табылады.Заӊ жобасы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттыӊ шеӊберінде біздіӊ мемлекетіміз алған бірқатар міндеттемелердіӊ орындалуын қаматамасыз ету үшін қажет. Заӊ жобасымен ұсынылып отырған Хаттама экономикадағы интеграциялық үдерістерді дамытуға және қатысушы-мемлекеттердіӊ араларында өзара тиімді серіктестік қарым-қатынастарды орнатуға мүмкіндік жасайды. Жалпы отырыс соӊында халық қалаулылары бірнеше депутаттық сауалдар жолдады. Олар Г. Бижанова, К. Абсатиров, К. Мұсырман, А.Құрманова, М. Магеррамов, Т. Сыздықов, Р. Ким, Д. Еспаева, А. Платонов, Б. Оспанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны