09.12.2011, 15:48 3405

Мемлекет 1,2 млрд теңгеге креслолар мен орындықтар сатып алады

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылы мемлекет орындықтар мен креслоларды сатып алуға - 1,2 млрд., қағаздарға 7,7 млрд. теңге жұмсауды көздеп отыр.

Астана. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет 1,2 млрд теңгеге креслолар мен орындықтар сатып алады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, 2011 жылы мемлекет орындықтар мен креслоларды сатып алуға - 1,2 млрд., қағаздарға 7,7 млрд. теңге жұмсауды көздеп отыр.

Бұл туралы "Электронды коммерция орталығы" ЖШС-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

"Электронды түрде мемлекеттік сатып алуларды өткізу алаңы ҚР Қаржы министрлігінің тапсырысымен Электронды коммерция орталығы әзірлеген www.goszakup.gov.kz веб-порталы болып табылады. Қазақстандық портал мемлекеттік сатып алуларды өткізу үшін ғана емес, жеткізушілер мен сатып алушылар, жасалып жатқан келісімдер туралы ақпараттарды орналастыруға арналған. Веб-порталдың мәліметтеріне сәйкес, мемлекет 2011 жылы орындықтар мен креслоларды сатып алуға 1,2 млрд. теңге, ал қағаздарға 7,7 млрд. теңге жұмсауды көздеп отыр", - деп атап өтті "Электронды коммерция орталығы" ЖШС-ның басқарма төрағасы Сұлтанжан Ахметов.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алулар веб-порталын қолданушылар саны тіркелген 114 мыңнан астам қатысушыны құрайды. Порталға барлығы 8 млн. лот пен 2,5 млн. хабарландыру орналастырылды. Ағымдағы жылдың қаоашасында сайтқа кірушілердің саны 1,2 млн.-нан асып жығылды. Олардың негізгі санын қазақстандықтар құрайды, дегенмен, веб-порталға көрші мемлекеттердің қызығушылығы күннен-күнге артуда. Мәселен, 2011 жылдың тамызында Ресей Федерациясынан 18 мың, Украинадан 3 мың адам кірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны