07.09.2006, 14:07 3394

Мемлекет басшысы Ақтөбе облысына келді

АҚТӨБЕ. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. Елбасы мінген ұшақ Ақтөбе әуежайына жергілікті уақытпен 12 сағат 15 минутта келіп қонды. Президентпен бірге облысқа көлік және коммуникациялар министрі Асқар Мамин келді. Мемлекет басшысын әуежайда облыс әкімі Елеусін Сағындықов күтіп алды.

АҚТӨБЕ. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына келді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Елбасы мінген ұшақ Ақтөбе әуежайына жергілікті уақытпен 12 сағат 15 минутта келіп қонды. Президентпен бірге облысқа көлік және коммуникациялар министрі Асқар Мамин келді. Мемлекет басшысын әуежайда облыс әкімі Елеусін Сағындықов күтіп алды.

Облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, сапар барысында президент Ақтөбе халықаралық әуежайын реконструкциялау барысымен танысады.

Сонымен бірге Елбасы Хромтау ауданының Көктау ауылында орналасқан мыс кенін өндіретін карьермен танысады. Осы жерде "Ақтөбе мыс компаниясы" ЖШС-нің мыс кенін өңдеу жөніндегі тау-кен байыту комбинатының ашылу рәсімі өтеді.

Кешке Нұрсұлтан Назарбаев "Солтүстік Қазақстан - Ақтөбе облысы" аймақаралық электр жалғастыру желісін тарта бастау рәсіміне қатысады.

Жұма күні мемлекет басшысы "Отан" республикалық партиясының облыстық филиалының жаңа ғимаратына бас сұғады.

Президенттің облысқа екі күндік сапары "Көктем" атты жеке баспаналар қалашығын аралаумен аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны