20.09.2016, 08:22 4752

Мемлекет басшысы Алматы облысында жұмыс сапарымен болды

Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласына келді. Елбасыныӊ жұмыс сапары аясында көлік, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік-мәдени салалардағы бірқатар нысанды аралау жоспарланған.

Астана. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Алматы облысында жұмыс сапарымен болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

Нұрсұлтан Назарбаев Талдықорған қаласына келді. Елбасыныӊ жұмыс сапары аясында көлік, ауыл шаруашылығы және әлеуметтік-мәдени салалардағы бірқатар нысанды аралау жоспарланған.

Мемлекет басшысы әуежай мен аэровокзал ғимараттарын қайта жөндеу жұмыстарыныӊ барысымен танысты.

Сондай-ақ, Елбасыға ұшу-қону жолағын жаӊарту жұмысы, әуежайды және өӊірдіӊ туристік инфрақұрылымын дамыту перспективалары туралы баяндалды.

Елбасы "Нам Г.Н." шаруа қожалығында болды.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы дақылдарын күтіп-баптауға маманданған кәсіпорынныӊ жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне облыстыӊ агроөнеркәсіп кешенініӊ негізгі көрсеткіштері және қант қызылшасы өндірісін дамыту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Нұрсұлтан Назарбаев қазір ауыл шаруашылығын мемлекеттік субсидиялауға деген көзқарастыӊ өзгергенін атап өтті.

- Меніӊ шаруаларға айтып жүрген ой-пікірімніӊ барлығыныӊ негізгі түйіні - еӊбек өнімділігін субсидиялау қажеттігі. Яғни, қаражат дайын өнім өндірісі үшін бөлінетін болады, - деді Мемлекет басшысы.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев өӊдеу кәсіпорныныӊ аграрлық техникалары мен ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады.

Соӊында Елбасы өӊірдіӊ шаруаларымен әӊгімелесіп, алдағы жұмыстарына табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев Текелі тау-кен өӊдеу кешенінде болды.

Мемлекет басшысы кәсіпорынныӊ жұмысымен танысты.

Қазақстан Президентіне инновациялық технологияларды қолдана отырып, қайта балқытылған шойын алу арқылы темір рудасын өндіру және өӊдеу жөніндегі жобаныӊ іске асырылу барысы баяндалды.

Мемлекет басшысы Талдықорған қаласыныӊ көпсалалы ауруханасында болды.

Қазақстан Президентіне облыстыӊ денсаулық сақтау жүйесін дамытудыӊ басты бағыттары және тиісті мемлекеттік бағдарламалардыӊ іске асырылу барысы туралы баяндалды.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев аурухана қызметкерлерімен кездесті. Олар жүргізіліп жатқан әлеуметтік саясатқа қолдау білдіріп, денсаулық сақтау саласына қамқорлығы үшін Елбасыға алғыстарын айтты.

300 адам сыятын медициналық мекеме стационарлық, стационарды алмастыратын және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Көпсалалы аурухана жаӊа медициналық құрылғылармен жабдықталған.

Қазақстан Президенті Оқушылар сарайында болды.

Мемлекет басшысы биология, физика кабинеттерін, техникалық шығармашылық модельдері көрмесін, хореография залын, үлкен концерт залын аралап көріп, көркемөнер галереясындағы суреттер экспозициясымен танысты.

Елбасы назарына ән және би өнері бойынша балалардыӊ концерттік нөмірлері ұсынылды.

Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев Оқушылар сарайына келетін балалармен және олардыӊ ата-аналарымен әӊгімелесіп, шығармашылық табыс пен бақ-береке тіледі.

Соӊында Мемлекет басшысы Оқушылар сарайына жайлы автобус тарту етті.

Ғимараттыӊ жалпы алаӊы - 13 мыӊ шаршы метрден астам. Мекеме инфрақұрылымы шеберхана, зертхана, көрме және мәжіліс залдарын, сондай-ақ музей, медиатека, дыбыс жазу студиясы мен обсерваторияны қамтиды.

Елбасы Жастарға қызмет көрсету орталығында болды.

Қазақстан Президенті орталықтыӊ жұмысымен, өӊірдегі жастар саясатыныӊ негізгі бағыттарымен және басты мемлекеттік бағдарламалардыӊ іске асырылу барысымен танысты.

Орталық жастар өмірініӊ кеӊ ауқымды мәселелерін қамтиды, соныӊ ішінде тұрмысы нашар және көп балалы отбасылар балаларына көмек көрсетеді.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы көп функционалды залды аралап көріп, онда Талдықорған мен Нұркент қалалары дамуыныӊ бас жоспарларымен, сондай-ақ Жаркент-Қорғас агломерациясыныӊ қала құрылысы тұрғысынан дамуыныӊ кешенді жобасымен танысты.

Нұрсұлтан Назарбаев қалалық "Жастар" саябағында болды.

Мемлекет басшысы саябақты жаӊарту және абаттандыру жұмыстары барысымен танысты.

Қазақстан Президенті қала тұрғындарыныӊ мәдени-көпшілік демалысы үшін мейлінше жағдай жасаудыӊ маӊыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Елбасы өӊірдегі жұртшылық өкілдерімен кездесті.

"Облыстыӊ шекара бойында орналасуы экономиканыӊ көлік-логистика және электр энергетикасы салаларын дамыту қажеттігін талап етеді. Бүгінде мемлекеттік бағдарламалардыӊ іске асырылып, меніӊ тапсырмаларымды облыс әкімініӊ тиянақты орындауыныӊ арқасында бұл салалар қарқынды дамуда. Өӊірдіӊ әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асырудағы табыстарын да айтпай кетуге болмайды. Сонымен бірге халқымыздыӊ тәуелсіздік жылдарындағы басты жетістігініӊ тағы бірі - бейбітшілік пен ұлтаралық келісімніӊ сақталуы деп санаймын", - деді Қазақстан Президенті.

Қала тұрғындары облысқа қамқорлығы және халықтыӊ әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиімді мемлекеттік саясаты үшін Елбасыға алғыстарын айтты.

Соӊында Нұрсұлтан Назарбаев баршаға зор денсаулық және еӊбектеріне табыс тіледі.

Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті бұқаралық ақпарат құралдарыныӊ өкілдері үшін Алматы облысына сапарыныӊ қорытындысы бойынша брифинг өткізді.

Елбасы өзініӊ 2014 жылы берген тапсырмаларыныӊ уақтылы орындалып жатқанын атап өтті.

"Алматы облысы - еліміздіӊ көрікті өӊірініӊ бірі және ауыл шаруашылығы дақылдарыныӊ көптеген түрін өндіретін аса маӊызды аймақ", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті қаланыӊ абаттандырылуы жақсара түскенін айтты.

"Жаӊа әлеуметтік инфрақұрылым нысандарыныӊ пайдалануға берілуі еліміздіӊ тәуелсіздігініӊ 25 жылдығы қарсаӊында қала тұрғындары үшін тамаша сыйлық болды. Индустрияландыру бағдарламасы мен "Нұрлы жол" бағдарламасыныӊ одан әрі іске асырылуы экономикамыздыӊ дамуына, соған орай халықтыӊ тұрмыс деӊгейініӊ артуына септігін тигізеді", - деді Мемлекет басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны