23.01.2017, 21:43 4884

Мемлекет басшысы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ басшылығын қабылдады

- Мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық пен қолдауға бизнестіӊ лайықты жауап беретін кезі келді. Азаматтарды кәсіпкерлік саласына тұрақты түрде тартып, олардыӊ ел экономикасындағы үлесін арттыру үшін жұмыс жүргізу қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Астана. 23 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасыныӊ басшылығын қабылдады,- деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Қазақстан Президентіне Ұлттық палатаныӊ 2016 жылғы жұмысыныӊ қорытындылары, республикалық бизнес қоғамдастығыныӊ дамуы, сондай-ақ алдағы кезеӊге арналған жоспарлар туралы президиум төрағасы Т.Құлыбаев пен басқарма төрағасы А.Мырзахметов баяндады.

Елбасы бизнесті қолдау жөнінде Үкімет мақсатты түрде тұрақты жұмыс жүргізіп отырғанын атап өтті.

- Заӊнамалық актілерге дер кезінде өзгерістер енгізу бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде, тексеруші мекемелер саны қысқартылды, жоспарлы тексерістер тоқтатылды. Кәсіпкерлер заӊнамалық үдерістерге белсене атсалысып келеді, бұл елдіӊ ішкі жалпы өніміндегі бизнестіӊ үлесін арттыруға ықпал етуге тиіс, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті елдегі кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекет қабылдап жатқан шараларға бизнес өкілдері тарапынан лайықты қайтарым болуға тиіс екеніне назар аударды.

- Мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлық пен қолдауға бизнестіӊ лайықты жауап беретін кезі келді. Азаматтарды кәсіпкерлік саласына тұрақты түрде тартып, олардыӊ ел экономикасындағы үлесін арттыру үшін жұмыс жүргізу қажет, - деді Мемлекет басшысы.

Палата басшылығы қазіргі уақытта шағын және орта бизнес үлесі ішкі жалпы өнімніӊ 25%-ын құрайтынын, онда 3 миллионнан астам адам жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді. 2016 жылы 11,2 трлн теӊгеніӊ өнімі өндірілген, бұл - 2015 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 6%-ға артық.

Сонымен бірге, басқарма төрағасы Елбасыныӊ тапсырмасы бойынша рұқсат беру және бақылау-қадағалау саласында ревизиялық жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті. Оныӊ нәтижесінде рұқсат беру құжаттары айтарлықтай азайтылып, жоспарлы тексерістер тоқтатылды.

- Бас прокуратурамен, Парламент депутаттарымен бірлесіп, қазір шағын және орта бизнес қызметініӊ түрлі саласындағы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қайта қарастырудамыз, - деді А.Мырзахметов.

Бұдан бөлек, Ұлттық палата басшылығы отандық кәсіпкерлердіӊ жұмысын оӊтайландыру және тиімдірек ете түсу үшін мобилді қызметтер қалыптастыруға қатысты жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны