23.01.2008, 17:16 2807

Мемлекет басшысы бизнес-құрылымдарды ұлттық экономикалық палатада міндетті түрде тіркеуді енгізу қажет деген ұсыныс білдірді

Мемлекет басшысы бизнес-құрылымдарды ұлттық экономикалық палатада міндетті түрде тіркеуді енгізу қажет деген ұсыныс білдірді

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бизнес-құрылымдарды ұлттық экономикалық палатада міндетті түрде тіркеуді енгізу қажет деген ұсыныс білдірді. Бұл туралы мемлекет басшысы бүгін Қазақстанның "Атамекен одағы" ұлттық экономикалық палатасының мүшелерімен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жаңадан құралатын бизнес құрылымдарды осы ұйымда міндетті түрде тіркеуді заңдастыру қажет", - деді президент.

""Атамекенге" қолында қандайбір мүмкіндігі болу үшін тауарларды сертификаттау құқығын беру қажет, сол арқылы ол тіркеу жүргізетін болады", - деді Н.Назарбаев. Жаңадан құралатын бизнес құрылымдарды ұлттық экономикалық палатада міндетті түрде тіркеуді заңдастыру қажет, онсыз ұйымға лицензия берілуге тиіс емес", - деді ол. "Сонда ғана біздің қолымызда есеп болып, кәсіпкерлердің құқығын қорғай аламыз", - деді Елбасы.

"Мен сауда-өнеркәсіптік палатаны "Атамекен" одағының басқарғанына қарсы емеспін, бірақ ол қуатты ұйым болуға тиіс, шетелдік компаниялар дәл осындай ұйыммен жұмыс істегісі келеді", - деді Н.Назарбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2005 жылдың 24 наурызында Астанада Қазақстан кәсіпкерлерінің конгрессінде Қазақстанның жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің жалпыұлттық "Атамекен" одағын құру туралы шешім қабылданды. Одаққа Қазақстан кәсіпкерлерінің салалық жетекші қауымдастықтары құрылтайшы және мүше болып енді. Атамекен одағы 2005 жылдың 25 сәуірінде ресми түрде тіркелді. 2007 жылдың маусым айында Қазақстанның жұмыс берушілері мен кәсіпкерлерінің жалпыұлттық "Атамекен" одағы осы аттас ұлттық экономикалық палата болып қайта құрылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны