09.04.2007, 18:20 3125

Мемлекет басшысы еліміздің қоғам және саяси қайраткерлерін қабылдады

АСТАНА. 9-сәуір. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қоғам және саяси қайраткерлерін қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, парламент мәжілісінің депутаты Серік Ибдірахманов өз округіндегі жағдай туралы әңгімелеп берді, сондай-ақ ауыл экономикасын және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға қатысты өзінің көзқарасын білдірді.

Парламент сенатының депутаты Өмірбек Байгелдімен болған кездесу кезінде елді саяси жаңарту мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ "Руханият" партиясының төрайымы Алтыншаш Жағанованы қабылдады. Кездесу барысында ұлттық мәдениет пен өнерді дамыту мәселелері, сондай-ақ елдің одан әрі дамуындағы шығармашыл зиялы қауым өкілдерінің рөлі талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны