01.07.2010, 10:48 1583

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасындағы Кеден ісі туралы кодекске қол қойды

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, "Кеден кодексінің жобасы ұлттық кеден заңнамасын Кедендік одақтың заңнамасына сәйкестендіру мақсатымен жасалған. Кодекс жобасы біртұтас кеден аумағы жағдайында Кедендік одақтың кедендік заңнамасына негізделген кеден заңнамасының ережелерін бекітеді", - деп түсіндірген еді ҚР қаржы министрі Болат Жәмішов.

Астана. 1-шілде. Kazakhstan Today Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы кедендік реттеудің құқықтық негіздерін анықтауға бағытталған "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігі ҚР Президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, "Кеден кодексінің жобасы ұлттық кеден заңнамасын Кедендік одақтың заңнамасына сәйкестендіру мақсатымен жасалған. Кодекс жобасы біртұтас кеден аумағы жағдайында Кедендік одақтың кедендік заңнамасына негізделген кеден заңнамасының ережелерін бекітеді", - деп түсіндірген еді ҚР қаржы министрі Болат Жәмішов.

Құжатқа сәйкес, 2010 жылдың 1 шілдесінен бастап Кедендік одақ арасындағы өзара саудада жанама салықтарды, ҚҚС мен акциздерді жинауды салық органдары жүзеге асырады.

Сонымен қатар, баспасөз қызметінің хабарлауынша, мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Кодексті қолданысқа енгізу мерзімін белгілейтін, сондай-ақ, өтпелі ережелерді анықтауды қарастыратын "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны