17.01.2014, 19:43 3454

Мемлекет басшысы Қазақстанда ЭИДҰ индикаторын енгізуді тапсырды

"ЭИДҰ елдерінің индикаторы олардың ұзақмерзімді динамикасын ескерсек, бұл біздің алдыңғы қатарлы отыздыққа енуіміздің мақсаты болып табылады. Менің тапсырмам - Қазақстанда Экономикалық әріптестік және даму ұйымының кейбір стандарттарын енгізу. Олар Тұжырымдамада көрініс табады", - деді Елбасы.

Алматы. 17 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР Парламентінің біріккен отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2014 жылы Қазақстанда ЭИДҰ-ның (Экономикалық әріптестік және даму ұйымы) кейбір стандарттарын енгізуді тапсырды.

"Дамыған елдерде әрдайым радикалды-жаңа өмір сапасы пайда болады. Қазір дамудың фундаменталды көрсеткіштері Экономикалық әріптестік және даму ұйымына қатысушы мемлекеттерді көрсетеді. Оған әлемнің жалпы өнімінің 60 пайызын өндіретін 36 ел кіреді. ЭИДҰ үміткерлерінің қатарында Бразилия, Қытай, Үндістан, Индонезия, Ресей мен ОАР бар", - деді Н.Назарбаев.

Оның айтуынша, бұл елдер терең жаңғыртудан өткен елдер. Жоғарғы инвестициялық көрсеткішке, ғылыми жұмыстарға, еңбек өнімділігіне, бизнестің дамуы мен халықтың өмір талаптарына ие.

"ЭИДҰ елдерінің индикаторы олардың ұзақмерзімді динамикасын ескерсек, бұл біздің алдыңғы қатарлы отыздыққа енуіміздің мақсаты болып табылады. Менің тапсырмам - Қазақстанда Экономикалық әріптестік және даму ұйымының кейбір стандарттарын енгізу. Олар Тұжырымдамада көрініс табады", - деді Елбасы.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны