20.12.2016, 17:28 3432

Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Өмірзақ Айтбаевты және Аманжол Қалықовты қабылдады

Кездесуде Ө.Айтбаев Қазақстан Президентіне "Қазақ тiлi" халықаралық қоғамыныӊ жұмысы туралы баяндап, мемлекеттіӊ қазақ тілін қолдау саласындағы маӊызды рөлін атап өтті.

Астана. 21 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы қоғам қайраткері Өмірзақ Айтбаевты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Кездесуде Ө.Айтбаев Қазақстан Президентіне "Қазақ тiлi" халықаралық қоғамыныӊ жұмысы туралы баяндап, мемлекеттіӊ қазақ тілін қолдау саласындағы маӊызды рөлін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік тілді дамытуға қосқан зор үлесі үшін Ө.Айтбаевқа алғыс айтты.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Назарбаев қоғам қайраткері, Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері Аманжол Қалықовты қабылдады, - деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы әӊгіме барысында А.Қалықовқа ел игілігі жолындағы еӊбегі үшін алғыс айтып, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Ұлы Отан соғысыныӊ ардагері өз сөзінде республикамыздыӊ тәуелсіздігін нығайту және халықтыӊ әл-ауқатын арттыру ісіндегі Елбасыныӊ баға жетпес еӊбегін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны