26.06.2017, 11:11 5414

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады,- деп хабарлайды Ақорда.

Астана. 25 маусым. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Н.Назарбаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады,- деп хабарлайды Ақорда.

Елбасы өз құттықтауында былай деді:

Құрметті отандастар!

Баршаӊызды қасиетті Ораза айт мерекесімен құттықтаймын!

Бұл мейрам күллі мұсылман үмбеті үшін маӊызды Рамазан айыныӊ аяқталғанын білдіреді. Ежелден исламға тән құндылықтар - бейбітсүйгіштік, жанашырлық пен бауырмалдықтыӊ тереӊ мән-мағынасы осы шуақты күндерде айқын сезіледі.

Ораза айтта шын жүректен ақ тілек айтылып, әр адам адами қарым-қатынастыӊ жылылығы мен айналасындағылардыӊ қамқорлығын сезіну үшін қайырымдылық шаралары жасалады. Ізгі ниет пен игі істер қоғамда өзара түсіністіктіӊ орнауына, халқымыздыӊ татулығы мен ауызбіршілігін нығайтуға септігін тигізеді. Бұл - еліміздіӊ одан әрі тұрақты және сенімді дамуыныӊ басты кепілі.

Бірлік пен татулық жүрегімізде әрдайым бейбітшілік пен жасампаздықтыӊ жылуын ұялатсын!

Осы мерекеге орай барша қазақстандықтарға зор денсаулық пен бақ-береке тілеймін!

Ораза айт қабыл болсын!

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны