31.01.2017, 13:03 9328

Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына жолдауы

Үкіметке "Қазақстанныӊ ұлттық технологиялық бастамасы" деп аталатын Елді үшінші жаӊғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудыӊ стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырамын.

Астана. 31 қаӊтар. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына жолдауы. 2017 жылғы 31 қаӊтар "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік"

Құрметті қазақстандықтар!

Мен Қазақстан халқына жаӊа дәуір қарсаӊында сөз арнап отырмын.

Еліміз өзініӊ 25 жылдық даму кезеӊінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.

2017 жылдыӊ басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеӊесініӊ мүшесі болды.

Биыл Астанада "ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маӊызды әлемдік деӊгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерініӊ арасында бірінші болып өткіземіз.

Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыӊнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.

Осыныӊ барлығы Қазақстанныӊ халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздыӊ дұрыстығын көрсетеді.

Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі еӊ алдыӊғы қатарлы 30 мемлекеттіӊ қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.

Жаһандық бәсекелестіктіӊ өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған "Қазақстан-2050" стратегиясыныӊ өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.

"Нұрлы жол" экономикалық саясатыныӊ және "100 нақты қадам" Ұлт жоспарыныӊ нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияныӊ алғашқы кезеӊінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теӊге жұмсадық. Мұныӊ барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыӊнан астам жаӊа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімніӊ 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маӊызды.

Илем қарқынды түрде өзгеріп келеді.

Бұл - жаӊа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.

Қымбатты отандастар!

Болашағын айқындап, сын-қатерлерді күтіп отырмастан, оған табанды түрде қарсы тұра алатын халық қана жеӊіске жетеді.

Илемде кезекті, Төртінші өнеркәсіптік революция басталды.

Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланыӊ жойылуына және мүлде жаӊа саланыӊ пайда болуына алып келеді. Біздіӊ көз алдымызда болып жатқан ұлы өзгерістер - әрі тарихи сын-қатер, әрі Ұлтқа берілген мүмкіндік.

Бүгін мен Қазақстанды Үшінші жаӊғырту жөнінде міндет қойып отырмын. Елдіӊ жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімніӊ жаӊа моделін құру қажет.

Қазіргі кезде көптеген елдер осындай міндетті орындауға ұмтылуда. Өсімніӊ жаӊа моделіне көшу тәсілі әр жерде әр түрлі екеніне сенімдімін. Біз өзіміздіӊ мықты тұстарымызды пайдаланып, Тәуелсіздігіміздіӊ 25 жылында бірге қалыптастырған әлеуетімізді жоғалтып алмауымыз керек қой.

Қазақстанныӊ Бірінші жаӊғыруы бәріміздіӊ есімізде. 25 жыл бұрын КСРО-ныӊ қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағанымыз жадымызда тұр. Сол кезде біздіӊ буын іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаӊа мемлекет құрды.

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды. Біздіӊ бәріміз бірлесіп, сол кезде елімізді күйреуге, азамат соғысына, экономикалық күйзеліске ұшыратпағанымыз мен үшін өте маӊызды. Қазақстан бұл кезеӊде аз шығын шығарып, зор жетістіктерге қол жеткізді.

Екінші жаӊғыру "Қазақстан-2030" стратегиясыныӊ қабылдануымен және жаӊа елорда - Астананыӊ салынумен басталды. Оныӊ нәтижелі болғаны дау тудырмайды. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттіӊ қатарына кірді.

Табысты өткен екі жаӊғыру арқылы баға жетпес тәжірибе жинақтадық. Біз енді алға батыл қадам басып, Үшінші жаӊғыруды бастауға тиіспіз.

Бұл жаӊғыру - қазіргі жаһандық сын-қатерлермен күрес жоспары емес, болашаққа, "Қазақстан-2050" стратегиясы мақсаттарына бастайтын сенімді көпір болмақ. Ол Ұлт жоспары - "100 нақты қадам" базасында өткізіледі.

Мен оныӊ бес негізгі басымдығын көріп отырмын. Олар экономиканыӊ әлемдік өсімініӊ орта деӊгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдіӊ қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеуге лайықталған.

Бірінші басымдық - экономиканыӊ жеделдетілген технологиялық жаӊғыртылуы.

Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаӊа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маӊызды кешенді міндет.

Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдіӊ өзінде дамыған елдердіӊ экономикаларыныӊ құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаӊа сапа дарытты.

Осыған орай, Үкіметке "Цифрлық Қазақстан" жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын.

Біздіӊ заӊнамамызды жаӊа жағдайға бейімдеу керек.

Коммуникацияныӊ дамуы мен оптикалық-талшықты инфрақұрылымға жаппай қолжетімділікті де қамтамасыз ету керек. Цифрлық индустрияны дамыту басқа барлық салаларға серпін береді. Сондықтан Үкімет ІТ саласын дамыту мәселесін ерекше бақылауда ұстауға тиіс.

Жаӊа индустриялар қалыптастырудыӊ маӊызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады.

Үкіметке "ЭКСПО-2017" нысандарыныӊ бірініӊ базасында IT-стартаптар халықаралық технопаркін құруды тапсырамын. Ол әлемніӊ барлық елінен кәсіпкерлер мен инвесторлар тартудыӊ платформасы болуға тиіс. Бұл үшін тиісті инфрақұрылым және салық жеӊілдіктерін, оӊайлатылған виза мен еӊбек режімін қоса алғанда, қолайлы жағдай керек.

Біз жоғары оқу орындары, Назарбаев Университеті және "Алатау" иннновациялық технологиялар паркі базасында өзіміздіӊ ғылыми және инновациялық әлеуетімізді дамытуымыз керек.

Екінші кешенді міндет. Жаӊа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беруіміз керек.

Бұл - өнеркәсіп, агроөнеркәсіптік кешен, көлік пен логистика, құрылыс секторы және басқа салалар.

Бірінші. Еӊбек өнімділігін айтарлықтай арттыру керек.

Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс.

Бұл - автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, "ауқымды мәліметтер" алмасу, тағы басқа міндеттер.

Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудыӊ кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын.

Екінші. Басымдығы бар салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірісті дамытуды көздейтін индустрияландыруды жалғастыру керек.

Үкімет алдында қазірдіӊ өзінде 2025 жылға қарай шикізаттық емес экспортты 2 есе ұлғайту міндеті тұр.

Бұл бағыттағы жұмысты жандандыру үшін экспортты дамыту мен ілгерілету тетіктерін бір ведомстоваға шоғырландыру қажет. Экспорттаушыларға "бір терезе" қағидаты бойынша өӊірлерде де қолдау көрсету керек.

Үкімет жанынан Экспорт саясаты жөніндегі кеӊес құруды тапсырамын. Оған бизнес қоғамдастығыныӊ өкілдері кіруге тиіс.

Биылғы 1 қыркүйекке дейін Үкімет әкімдермен және бизнес өкілдерімен бірлесіп, Бірыӊғай экспорт стретегиясын әзірлеуі керек.

Қазақстан шетел инвестицияларын тарту ісіндегі көшбасшылығын сақтап қалуы қажет. "Астана" халықаралық қаржы орталығы ел экономикасына қаржы ресурстарын тартуда маӊызды рөл атқаруға тиіс.

Біз тауар өндіру мен өткізу, қызмет көрсету ісін жаһандық желіге бейімдеуіміз керек. Мұны, еӊ алдымен, трансұлттық компанияларды тарту арқылы жасаған жөн.

Қазақстанда өндірістер ашу жөніндегі Қытаймен бірлескен инвестициялық бағдарламаны тиімді жүзеге асыру керек. Қытай тарапымен уағдаластыққа қол жеткізілді. Нысандар белгіленді. Нақты жұмыс істеу қажет.

Бұл қазақстандықтар үшін 20 мыӊ жаӊа жұмыс орнын ашатын заманауи өндіріс болмақ. Қазір 6 жоба жүзеге асырыла бастады, ал 2 жоба іске қосылды. Соныӊ бірі - гибридтік және толықтай электрлі JAC автомобильдерін ірі құрылғылардан құрастыратын зауыт.

Қажетті инфрақұрылым қалыптастыру жайын ескеріп, экспортқа бағдарланған электромобиль өндірісін одан әрі дамыту мәселесін пысықтауды тапсырамын.

Тұтастай алғанда, Қазақстанныӊ өз Инвестициялық стратегиясы болуға тиіс. Үкімет оны биылғы 1 қыркүйекке дейін әзірлеуі керек.

Халықаралық ынтымақтастық аясында ұлттық экономикалық мүдделерді қорғап, ілгерілету қажет. Бұл, еӊ алдымен, ЕАЭО, ШЫҰ ішінде Жібек жолы Экономикалық белдеуімен ұштасатын жұмыстарға қатысты. Ол үшін экономикалық дипломатия жұмысын қайта құрып, жандандыра түсу қажет.

Үшінші. Экономикалық өсімніӊ тұрақтылығы үшін елдіӊ тау-кен металлургиясы мен мұнай-газ кешендері өзініӊ стратегиялық маӊызын сақтауға тиіс.

Илемдік сұраныс бәсеӊдеп кеткен кезде жаӊа нарықтарға шығып, өнім жеткізу аумағын кеӊейту керек. Минералдық-шикізаттық базаны кеӊейтуге баса назар аударылуға тиіс. Геологиялық барлау жұмыстарын белсенді жүргізу керек.

Бұл салаларды одан әрі дамыту ісі шикізатты кешенді түрде қайта өӊдеуді тереӊдете түсумен берік ұштастырылуы тиіс.

Жыл соӊына дейін Жер қойнауы туралы жаӊа кодексті қабылдап, салық заӊнамаларына қажетті өзгерістер енгізуді тапсырамын.

*****

Төртінші. Аграрлық сектор экономиканыӊ жаӊа драйверіне айналуы керек.

Қазақстанныӊ агроөнеркәсіп кешенініӊ болашағы зор.

Көптеген позициялар бойынша біз әлемде ірі аграрлық экспорттық өнім өндірушілердіӊ бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. "Made in Kazakhstan" бренді сондай өнімдердіӊ эталоны болуға тиіс.

Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша біз Еуразияда "нан кәрзеӊкесі" болуымыз керек. Шикізат өндірісінен сапалы өӊделген өнім шығаруға көшу қажет. Тек сонда ғана біз халықаралық нарықтарда бәсекеге қабілетті бола аламыз.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Үкімет пен әкімдерге мынадай тапсырмалар беремін:

біріншіден, субсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастырып, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу қажет;

екіншіден, бес жыл ішінде 500 мыӊнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау керек;

үшіншіден, өнімніӊ өӊдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудыӊ, тасымалдаудыӊ және өткізудіӊ тиімді жүйесін құру қажет;

төртіншіден, еӊбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету керек;

бесіншіден, жерді пайдалану тиімділігін арттыруға тиіспіз. Суармалы егіс алаӊын 5 жыл ішінде 40%-ға кеӊейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу қажет;

алтыншыдан, өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру керек.

Ауыл шаруашылығын әртараптандырып, 2021 жылға қарай азық-түлік тауары экспортын 40%-ға көбейтуді тапсырамын.

Бұл міндеттер агроөнеркәсіп кешенін дамытудыӊ жаӊа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет.

*****

Бесінші. Жаӊа еуразиялық логистикалық инфрақұрылымды дамыту - маӊызды басымдықтардыӊ бірі.

Оған қазірдіӊ өзінде қомақты инвестиция жұмсалды. Енді одан экономикалық қайтарым ала бастау қажет.

Үкіметке 2020 жылға қарай транзиттік тасымалдыӊ жылдық көлемін:

- контейнерлермен тасымалданатын жүктер үшін 7 есе - 2 миллион контейнерге дейін;

- жолаушыларды әуе көлігімен тасымалдауды 4 есе - 1,6 миллион транзиттік жолаушыға дейін арттыруды тапсырамын.

Транзиттік тасымалдаудан түсетін табысты 5,5 есе - жылына 4 миллиард долларға дейін көбейту қажет.

2015 жылы мен "Нұрлы жол" инфрақұрылымдық даму бағдарламасын ұсындым. Өткен 2 жыл ішінде бағдарлама өзін толық ақтады.

Биыл республикалық маӊызы бар 4400 шақырым автожол құрылысы мен қайта жаӊғырту жұмыстары жүргізіледі. Жыл соӊына дейін соныӊ кем дегенде 600 шақырымы пайдалануға беріліп, кезеӊ-кезеӊімен ақылы жүйе енгізіледі.

Еліміздіӊ көлік және транзит әлеуетін толық ашу үшін көрші елдермен үйлесімді іс-қимыл қажет. Жүктердіӊ еркін транзитін, көлік дәліздерін құру мен оларды жаӊғырту ісін қамтамасыз ету керек. Көлік инфрақұрылымын басқаруға, қызмет көрсету деӊгейін арттыруға және әкімшілік кедергілерді жоюға ерекше көӊіл аудару қажет.

Транскаспий дәлізі бойынша тасымалдау көлемініӊ ұлғаюына байланысты Құрық портын салудыӊ екінші кезеӊі - автомобиль өткелі құрылысын іске асыруға кірісу қажет.

Алтыншы. Урбанизация үдерісі құрылыс секторын дамыту қажеттігін алға тартып отыр. Ол отандық экономиканыӊ толыққанды драйверіне айналуға тиіс.

Жол, тұрғын үй және басқа да инфрақұрылым құрылысына инвестиция сала отырып, біз қалаларымыздыӊ ұзақ жылдарға дейін сыртқы және технологиялық келбетін айқындайтынымызды ұмытпағанымыз жөн. Сондықтан құрылысқа да, құрылыс материалдарын өндіру саласына да жаӊа технологияларды енгізу керек. Ол үшін бізде қазір жақсы мүмкіндіктер бар.

Меніӊ тапсырмам бойынша биыл "Нұрлы жер" тұрғын үй бағдарламасы іске асырыла бастайды. Ол аса маӊызды міндетті орындауға - алдағы 15 жылда 1,5 миллион отбасын тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.

Бағдарламада тұрғын үй нарығын дамытудыӊ кешенді шаралары көрініс тапқан. Соныӊ бірі - "Даму" акционерлік қоғамы арқылы мемлекеттіӊ субсидия беруі есебінен құрылыс салушылар үшін банк несиесін арзандату. Тұрғындар үшін "Қазақстан ипотекалық компаниясы" акционерлік қоғамы арқылы банктер беретін ипотекалық несиені субсидиялау жүзеге асырылады. "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" салымшылары үшін әкімдіктердіӊ несиелік тұрғын үй салуы жалғасады. Оған ілгеріде бөлінген қаржы "револьвер" қағидаты бойынша қайта пайдаланылады.

Икімдіктер халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтары үшін сатып алу құқығынсыз арендалық тұрғын үй бөлу ісін дамыта беретін болады. Жаппай тұрғын үй құрылысы үшін әкімдер тиісті жер телімдерін бөлуге тиіс.

Біз қалаларда жеке тұрғын үйлердіӊ бірыӊғай сәулет стилінде салынуына мән беретін боламыз. Бұл үшін мемлекет қажетті инфрақұрылым тұрғысынан көмек көрсетеді.

Үкімет әкімдермен бірлесіп, үлкен қалалардыӊ іргелес орналасқан елді мекендермен көлік байланысын дамыту жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Үшінші кешенді міндет - еӊбек нарығын жаӊғырту.

Жаӊа технологиялардыӊ енгізілуіне байланысты дәстүрлі салаларда еӊбек ресурстары босап қалатын болады. Сонымен бірге, жаӊа индустрия құрып, дамыту жұмыспен қамтудыӊ және азаматтардыӊ нақты табысын өсірудіӊ қосымша мүмкіндігі болуға тиіс.

Үкімет пен әкімдерге еӊбеккерлердіӊ басқа салаларға басқару аясында ауысуы үшін жағдай жасауды тапсырамын.

Біздіӊ ірі кәсіпорындар әкімдіктермен бірлесе отырып, тиісті жол карталарын әзірлеуі керек. Онда қысқартылатын жұмысшыларды қайта даярлау, оларды әрі қарай жұмыспен қамту үшін бірлесіп инвестиция салу жайы қарастырылуы қажет. Басы артық жұмыс күші бар өӊірлерден басқа жерлерге, сондай-ақ, ауылдардан қалаларға жұмыс күшін ұтымдылықпен тартуға қолдау көрсету керек.

Үкімет жұмыспен қамту орталықтарын реформалап, барлық бос жұмыс орындары мен бүкіл елді мекендерде бірыӊғай онлайн платформа қалыптастыруы қажет.

Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеӊейту.

Біздіӊ стратегиялық мақсатымыздыӊ бірі - елдіӊ ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестіӊ үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.

Бұл - өте өршіл мақсат, бірақ оған қол жеткізуге болады. Оны орындау үшін қазіргі кезеӊде мынадай қадамдар жасалуы қажет.

Бірінші. Меніӊ тапсырмам бойынша Үкімет биылдан бастап Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруға кірісіп кетті.

Бұдан былай Қазақстан азаматтары өз бизнесін жүргізу үшін ауылда да, қалада да 16 миллион теӊгеге дейін шағын несие ала алады.

Шағын несие беру аясын кеӊейтіп, кәсіпкерлерге кепілдік жасау және қызмет көрсету тетіктерін белсенді пайдалану керек. Бұл шараларды бизнес жүргізу және қаржылық сауаттылыққа үйрету ісін ұйымдастырумен қатар атқару керек.

Жаппай кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін одан әрі жетілдіру керек. Қазақстанныӊ әр өӊірі жаппай кәсіпкерлікті, соныӊ ішінде отбасылық кәсіпкерлікті дамыту бағытында кешенді шаралар ұсынуға тиіс.

Жаӊадан ашылған жұмыс орындарыныӊ саны - бұрынғыша Үкімет пен әкімдер қызметініӊ тиімділігін бағалаудыӊ негізгі критерийініӊ бірі болмақ.

Екінші. Үкімет "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасымен (ҰКП) бірлесіп, бизнестіӊ барлық шығынын жаппай азайту жөнінде шаралар қабылдауы қажет. Бұл әсіресе энергетика, көлік және логистика, сондай-ақ, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салаларындағы қызмет көрсету құнына қатысты.

Мемлекеттік қызметтер көрсету үдерісі мейлінше оӊтайландырылуға тиіс. Құжаттардыӊ мерзімі мен тізбесін қысқартып, қайталанатын рәсімдерді жою керек. Бұл орайда адамныӊ өзініӊ баруын қажетсінбейтін толық электрондық форматқа көшіру керек.

Сондай-ақ, бизнестіӊ қазіргі қолданыстағы реттеушілік жүктемесі өсімніӊ жаӊа моделін жасау міндетімен үйлеспейді.

Үкімет пен әкімдерге биылғы 1 шілдеге дейін бизнесті қайта реттеу жөніндегі жүйелі шаралар әзірлеу міндетін жүктеймін.

Дамыған елдердіӊ озық стандарттары мен тәжірибесін енгізу керек.

Бұл жұмысты әсіресе өӊірлік деӊгейде атқару маӊызды.

Икімдер Үкіметпен бірлесіп, Дүниежүзілік банк рейтингі негізінде өӊірлерде бизнес жүргізу үшін жағдайды жақсарту жөнінде нақты жоспарлар әзірлеу керек.

Елімізде бизнес жүргізуді жеӊілдету жөнінен өӊірлер мен қалалар рейтингін енгізу қажет. Біз үздіктер үшін арнаулы сыйлық тағайындаймыз. Оны жылына бір рет, Индустрияландыру күнінде табыс етеміз.

Үшінші. Мемлекеттіӊ экономикадағы үлесін ішкі жалпы өнімніӊ 15%-ына дейін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдері деӊгейіне дейін төмендету экономикалық өсімге тыӊ серпін беруге тиіс.

Бұдан бұрын 2020 жылға дейін жекешелендірілетін 800-ге жуық кәсіпорынды қамтитын тізбе жасалған болатын. Тиісті жұмыстар атқарылуда.

Үкіметке сол тізбедегі кәсіпорындарды жекешелендіруді тездетіп, оны 2018 жылдыӊ соӊына дейін аяқтауды тапсырамын.

Ірі компанияларымызды ІРО-ға дайындау және оған бейімдеу ісін де жеделдету керек. Yellow Pages қағидаттарын енгізу мемлекет үшін экономикадағы қызмет түрлерін 47%-ға (652-ден 346-ға) қысқартуға мүмкіндік берді.

Келесі кезеӊде осы қағидаттарға сай келмейтін мемлекет меншігіндегі барлық кәсіпорындар мен ұйымдарды 2020 жылға дейін жеке секторға беру немесе жою қажет. Ал ондай кәсіпорындар саны бірнеше мыӊ болады.

Ирбір бағдарлама немесе тапсырмаға орай заӊды тұлғалар құру тәжірибесі бұдан былай тоқтатылуға тиіс.

Жекешелендірудіӊ жариялылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету қажет. Сондай-ақ мемлекеттік холдингтер рөлін қайта қарастыру керек.

Үкіметке "Самұрық-Қазына" холдингін сапалы түрде трансформациялау ісін жүзеге асыруды тапсырамын.

Басқарушылық және өндірістік бизнес үдерістерін толық ревизия мен оӊтайландырудан өткізу қажет. Нәтижесінде ол тиімділігі жоғары, жинақы және кәсіби холдингке айналуға тиіс. Менеджмент пен корпоративті басқару сапасын халықаралық деӊгейге жеткізу керек.

Мемлекетке қандай маӊызды секторларда, қатысу үлесініӊ қандай мөлшерімен және не қалдыратынымызды нақты анықтап алуымыз керек.

Табиғи монополияларды және стратегиялық маӊызы бар, соныӊ ішінде Трансұлттық компаниялар қатысатын жобаларды іске асыру міндетін мемлекетке қалдыру керек. Бұл жобалар мультипликативті нәтиже беруге тиіс.

"Бәйтерек" және "ҚазАгро" холдингтерін де қайта құру қажет. Олар мемлекеттік даму бағдарламаларын іске асыру жөніндегі операторлар болуға тиіс. Соған орай олардыӊ функцияларын оӊтайландыру керек. Жеке сектор жүзеге асыра алатын нәрсеніӊ барлығы бизнеске берілуі қажет.

Сондай-ақ, оларға бағдарламаларды іске асыру үшін мемлекеттік емес қаржы көздері арқылы қор қалыптастырумен айналысу керек.

Төртінші. Кәсіпкерлікті дамытуға мемлекет-жекеменшік серіктестігі аясын кеӊейту зор мүмкіндік береді. Бұл жерде әӊгіме бірқатар мемлекеттік қызметтер көрсету міндетін бизнеске беру ісіне қатысты болып отыр.

Бізде қазірдіӊ өзінде оларды мектепке дейінгі білім беру ісіне тарту саласында жақсы нәтижелер бар. Өткен 3 жылда мемлекет 40 мыӊ орынға арналған 189 балабақша салса, жекеменшік сектор 100 мыӊ орынға арналған 1300 балабақша ашты. Жекеменшік балабақшалардыӊ еӊ көбі Оӊтүстік Қазақстан (397), Алматы (221), Қызылорда (181) облыстарында ашылды.

Мен үшін осы сектордағы мемлекет-жекеменшік серіктестігініӊ үлгісі өте маӊызды. Бұл аса маӊызды жалпыұлттық міндеттердіӊ бірі - 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі білім берумен 2020 жылға қарай жүз пайыз қамту мәселесін мемлекет пен бизнес бірлесе шешіп отырғанын көрсетеді.

Мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту әкімдердіӊ нақты және кәсіби жұмысына байланысты.

Жекеменшік капитал тарту үшін мемлекет-жекеменшік серіктестігініӊ ықтимал барлық түрі мен нысанын пайдалану қажет. Олар - мемлекеттік мүлікті сенімді басқару, қызмет көрсету келісімшарттары, тағы басқалар. Бұл ретте келісімніӊ барлық рәсімдерін, әсіресе шағын жобаларға қатысты рәсімдерді мейлінше жеӊілдету және жеделдету қажет.

Мемлекет-жекеменшік серіктестігі инфрақұрылымды, соныӊ ішінде әлеуметтік инфрақұрылымды дамытудыӊ негізгі тетігіне айналуға тиіс.

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарын жаӊғырту үшін бұдан әрі жекешелендіру мүмкіндігін қарастыра отырып, басқаруға және концессияға беру қажет. Үкімет бір орынды шиырлай беруді доғарсын. Бұл бағытта жұмысты жандандыра түсу керек.

Бесінші. Баға мен тариф бойынша ымыраласуға жол бермеу қажет.

Үкіметке "Атамекен" ҰКП-мен бірлесіп, бәсекелестікке кедергі келтіретін нормаларды анықтауға қатысты барлық заӊнамаға "ревизия" жасауды тапсырамын.

Үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық.

Мұндағы басты міндет - ақша-несие саясатыныӊ ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.

Бірінші. Бүгінде Ұлттық банк алдында инфляциялық таргеттеу режімін дамыту жөніндегі маӊызды міндет тұр. Орта мерзім ішінде инфляция деӊгейін кезеӊ-кезеӊмен 3-4%-ға дейін төмендетуге қол жеткізуіміз керек.

Екінші. Еліміздіӊ қаржы секторын "қайта жаӊғырту" қажет.

Ұлттық банкке банк секторын қалыпқа келтіру жөнінде шаралар кешенін әзірлеуді тапсырамын. Банктердіӊ балансын тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған жағдайда олардыӊ капиталын акционерлер тарапынан арттыруды қамтамасыз ету керек. Банктердіӊ ахуалына жедел бақылау орнату үшін Ұлттық банкке көбірек құқық берген жөн. Ұлттық банк банктердіӊ қателік жіберуін күтпей, оларға ықпал ететін шаралар қабылдау үшін формальді көзқарастан ықтимал қатерлерге жол бермейтін қадамдарға көшуге тиіс.

Сондай-ақ, аудиторлық компаниялардыӊ жауапкершілігін арттырып, акционерлердіӊ ашықтығын қамтамасыз ету, ұжымдық басқаруды жақсарту қажет. Осыныӊ бәрін заӊнамалық деӊгейде бекіту керек.

Экономикадағы қаражат жетіспеушілігі және несиелер бойынша жоғары мөлшерлеме түйткілдерін шешу мақсатымен Ұлттық банк пен Үкіметке теӊге түрінде қолжетімді орта және ұзақ мерзімге арналған қор қалыптастыруды қамтамасыз ету жөнінде кешенді шаралар қабылдауды тапсырамын.

Ұлттық банк инфляция ғана емес, сонымен қатар Үкіметпен бірге экономиканыӊ өсуі үшін де жауапты болуға тиіс.

Үшінші. Қор нарығын одан әрі дамыту.

Жекешелендіру оныӊ дамуына серпін беруге тиіс. Мен жоғарыда айтып өткендей, қор нарығына "Самұрық-Қазына" қоры компанияларыныӊ акцияларын орналастыру керек. Халықтыӊ жинаған өз қаражатын еӊ алдымен түрлі бағалы қағаздарға инвестициялау мүмкіндігін одан әрі арттыру қажет.

Біз 2016 жылдыӊ соӊында заӊдастыру науқанын аяқтадық. Оған еліміздіӊ 140 мыӊнан астам азаматы қатысты. Нәтижесінде 5,7 триллион теӊге, оныӊ ішінде қаражат түрінде 4,1 триллион теӊге заӊдастырылды.

Үкіметтіӊ міндеті - бұл қаражаттыӊ экономикаға, соныӊ ішінде жекешелендіруге қатысу арқылы пайда беруін қамтамасыз ету. Сонымен бірге, Қазақстанныӊ жекеменшік кәсіпорындарыныӊ облигация шығарылымдарын субсидиялау мәселесін пысықтау қажет.

Үкіметке Ұлттық банкпен бірлесіп, отандық қор нарығын жандандыруға бағытталған шаралар қабылдауды тапсырамын.

Келесі шешуші міндет - салық-бюджет саясатын жаӊа экономикалық жағдайға бейімдеу.

Бірінші. Бюджет шығыстарыныӊ тиімділігін түбегейлі арттыру қажет.

Біз 2017 жылы мемлекеттік даму бағдарламаларын қажетті ресурстармен толықтай қамтамасыз еттік. Министрліктер мен ведомстволардыӊ қаражатты игеруініӊ тиімділігін тексеру қажет.

Республикалық бюджеттіӊ 40%-дан астамын құрайтын Денсаулық сақтау, Еӊбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым министрліктерінен бастау керек. Оныӊ қорытындысы бойынша маған баяндалсын.

Тиімсіз бағдарламалардыӊ қаражатын Үшінші жаӊғырту міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ететін бағдарламаларға қайта бөлу қажет. Сондай-ақ, қаражатты нақты экономикаға неғұрлым тезірек әрі тиімдірек жеткізу үшін бюджеттік рәсімдерді жеӊілдеткен жөн.

Біз фискалдық орталықсыздандыру саясатын жалғастыруымыз керек. Өткен жылдарда орталықтан жергілікті жерлерге көптеген функциялар мен өкілеттіктер берілді. Енді олардыӊ жеткілікті қаржылық дербестігін бекемдей түсу қажет. Сонымен бірге, қаржы шығысы жөніндегі өкілеттіктердіӊ облыстық деӊгейде шоғырлануына жол бермеу маӊызды. Оларды әрі қарай аудандық және ауылдық жерлерге беру керек. Икімдер өӊірлік және жергілікті маӊызы бар мәселерді шешуге тиіс, ал Үкімет жалпымемлекеттік мәселелерге ден қоюы қажет.

Екінші. Ұлттық қор қаражатын пайдалануға ұтымдылық тұрғысынан қараған жөн.

Ұлттық қордан алынған кепілдендірілген трансферт көлемі 2020 жылға қарай кезеӊ-кезеӊ бойынша 2 триллион теӊгеге қысқартылуға тиіс.

Салық саясатын бизнестіӊ "көлеӊкеден" шығуына бейімдеп, шикізаттық емес сектордағы салықтық базаны кеӊейтуге бағыттау керек. Қазіргі салық жеӊілдіктерін оӊтайландыру қажет. Жалпыға ортақ декларациялау қарсаӊында арнаулы салық режімін жаӊаша қарастыру керек.

Салықтық әкімшілендіру тетіктері жетілдіруді талап етеді. Еӊ алдымен, мұныӊ қосымша құн салығын жинауға қатысы бар.

Үшінші. Үкімет квазимемлекеттік сектордыӊ сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу мен бақылау жасау жүйесін қалыптастырып, онда тәртіп орнату керек.

*****

Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту.

Бірінші. Еӊ алдымен, білім беру жүйесініӊ рөлі өзгеруге тиіс. Біздіӊ міндетіміз - білім беруді экономикалық өсудіӊ жаӊа моделініӊ орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет.

Сонымен бірге, IT-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көӊіл бөлу керек. Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасыныӊ алшақтығын азайту қажет.

Үкіметке тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын.

Атап айтқанда, үш тілді оқуға кезеӊ-кезеӊмен көшу мәселесі бойынша ұсыныстар әзірленсін.

Қазақ тілініӊ басымдығы сақталады. Оныӊ әрі қарай дамуына зор көӊіл бөлінеді. Сонымен қатар, бүгінде ағылшын тілі - жаӊа технология, жаӊа индустрия, жаӊа экономика тілі. Қазіргі кезде 90% ақпарат ағылшын тілінде жарияланады. Ирбір екі жыл сайын олардыӊ көлемі 2 есе ұлғайып отырады. Ағылшын тілін меӊгермей, Қазақстан жалпы ұлттық прогреске жете алмайды.

2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кейбір пәндерді ағылшын тілінде оқытатын боламыз. Бұл мәселені тиянақты ойланып, ақылмен шешу қажет.

Мектептердіӊ және мұғалімдердіӊ деӊгейі, әсіресе ауыл мен қалада әртүрлі. Білікті педагогтардыӊ жетіспеу проблемасы да бар. Сондықтан, осыныӊ барлығын ескеріп, ағылшын тілін кезеӊ-кезеӊмен енгізуіміз керек.

Тиісті ұсыныстар беруді тапсырамын.

Меніӊ бастамам бойынша биыл "Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру" жобасы іске асырыла бастады.

Тегін оқытумен еӊ әуелі жұмыссыз және өзін өзі тиімсіз жұмыспен қамтыған жастар, сондай-ақ кәсіптік білімі жоқ ересек адамдар қамтылуы тиіс. Кәсіптік білім беру жүйесінде, мен айтқандай, экономикадағы жаӊа өндірістер үшін мамандар дайындауға ден қою керек.

Ол үшін кәсіптік стандарттар еӊбек нарығыныӊ талаптарына және еӊ үздік әлемдік оқу-өндірістік тәжірибелерге сәйкес жаӊартылуы қажет.

Сонымен қатар, жоғары білім беру жүйесі сапасына ерекше назар аударылады. Жоғары оқу орындарыныӊ кадрлық құрамына, материалдық-техникалық жабдықталу деӊгейіне, білім беру бағдарламаларына қатысты бақылау мен талап күшейтілуі қажет.

*****

Екінші. Білім беру жүйесімен қатар денсаулық сақтау жүйесі де өзгеруге тиіс.

Биылғы 1 шілдеден мемлекеттіӊ, жұмыс берушілердіӊ, азаматтардыӊ ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті медициналық сақтандыру жүйесі (ММСЖ) енгізіле бастайды. Бұл жүйеніӊ тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кеӊ ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылады. Оған халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтарыныӊ қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Үкімет қажетті деӊгейде денсаулық сақтау саласын ақпараттандыруы керек. Бәсекелестікті дамыту үшін жеке меншіктегі медицина мекемелеріне ММСЖ жүйесі аясында теӊ жағдай туғызу керек.

Үкіметке және әкімдерге кеӊ ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуді тапсырамын.

Сондай-ақ, заӊнамалық тұрғыдан барлық дәрі-дәрмектіӊ бағасын реттеуді енгізу қажет.

Үшінші. Илеуметтік қамтамасыз ету саласына қатысты.

Меніӊ тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап 2,1 миллион зейнеткер үшін зейнетақы 2016 жылғы деӊгейден 20%-ға дейін арттырылады.

Бұдан бөлек, базалық зейнетақы тағайындау 2018 жылғы 1 шілдеден бастап жаӊа әдістеме бойынша жүзеге асырылады. Оныӊ көлемі зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты белгіленеді.

Осы өсімніӊ барлығы 2018 жылы базалық зейнетақыныӊ жаӊа мөлшерін 2017 жылмен салыстырғанда 1,8 есе арттыруға мүмкіндік береді.

Елімізде жыл сайын 400 мыӊға жуық бала туады, бұл - 1999 жылғы деӊгейден 2 есе дерлік жоғары. Мұндай жақсы үрдісті алдағы уақытта да сақтау керек.

Меніӊ тапсырмам бойынша 2017 жылғы 1 шілдеден бастап бала туғанда берілетін бір реттік жәрдемақы көлемі 20%-ға өсіріледі.

Еӊ төменгі күнкөріс шегін де қайта қарастыру керек. Ол қазақстандықтардыӊ нақты тұтынушылық шығыстарына сәйкес келуге тиіс. Бұл қадам 2018 жылғы 1 қаӊтардан бастап базалық зейнетақы, мүгедектерге және асыраушысынан айрылған отбасыларға арналған жәрдемақы, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандарға берілетін атаулы көмек пен жәрдемақы көлемін 3 миллион адам үшін өсіруге мүмкіндік береді.

2018 жылғы 1 қаӊтардан бастап атаулы әлеуметтік көмек көрсету шегін еӊ төменгі күнкөріс шегініӊ 40%-ынан 50%-ға дейін өсіріп, оныӊ жаӊа форматын енгізу керек. Бұл ретте жұмыс істеуге қабілетті адамныӊ бәрі тек жұмыспен қамту бағдарламасына қатысу шарты арқылы ғана қолдауға ие болуға тиіс.

Бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты.

Бірінші. Үкімет үшінші жаӊғырту аясында ЭЫДҰ-ныӊ озық тәжірибелері мен ұсынымдарын имплементациялау жұмысын қамтамасыз етуге тиіс.

Екінші. Біз жеке меншікті қорғауға, құқық үстемдігіне және баршаныӊ заӊ алдында теӊдігін қамтамасыз етуге бағытталған реформалар жүргізудеміз. Бұл жұмысты жалғастыру керек.

Үкіметке "Атамекен" ҰКП-мен және азаматтық қоғамдастықпен бірлесіп, жеке меншік құқығын қорғауды күшейтуге қатысты бүкіл заӊнама ревизиясын жүргізуді тапсырамын.

Сонымен қатар, әкімшілік және қылмыстық заӊнаманы ізгілендірген жөн. Икімшілік айыппұлдар әділетті және құқық бұзу деӊгейіне сәйкес болуға тиіс.

Кәсіпкерлік саласында құқық бұзғаны үшін салынатын санкцияны төмендету жұмысын одан әрі жүргізе беру керек. Қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық қылмыс құрамын криминалдық сипаттан арылту керек.

Сот жүйесіне деген сенімніӊ артуына қол жеткізу қажет. Судьялардыӊ жұмысына заӊнан тыс кез келген ықпалды жою маӊызды.

Үшінші. Қауіпсіздік ахуалы қуатты және әрекет ете алатын мемлекеттіӊ өлшеміне айналып келеді.

Қазіргі заманда адамзат терроризмніӊ белеӊ алуымен бетпе-бет келіп отыр. Бұл ретте деструктивті күштерді қаржыландыратындарға, шетелдік террористік ұйымдармен байланыс жасайтындарға қарсы күрес жүргізу ісі негізгі мәселе болып саналады.

Діни экстремизмді насихаттаудыӊ алдын алу, әсіресе интернет пен әлеуметтік желіде оныӊ жолын кесу жұмысын жүргізу керек. Қоғамда, әсіресе, діни қарым-қатынас саласындағы радикалды көзқарасқа байланысты кез келген әрекетке "мүлде төзбеушілікті" қалыптастыру керек.

Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандарды теологиялық тұрғыдан сауаттандыру қызметтерініӊ мақсатты жұмысы ұйымдастырылуға тиіс. Өскелеӊ ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау керек.

Бұл іске мемлекеттік емес секторды және діни бірлестіктерді белсенді түрде тарту қажет.

Осы шараныӊ бәрі меніӊ тапсырмам бойынша әзірленіп жатқан, 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарламада ескерілуге тиіс.

Киберқылмыспен күрестіӊ өзектілігі барған сайын арта түсуде.

Үкімет пен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне "Қазақстан киберқалқаны" жүйесін қалыптастыру шараларын қабылдауды тапсырамын.

Төртінші. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деӊгейін төмендету бағытында елеулі қадамдар жасадық. Алайда, басты назар көбіне сыбайлас жемқорлықтыӊ салдарларымен күресуге аударылып отыр.

Сыбайлас жемқорлықтыӊ себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажет.

Маӊызды мәселеніӊ бірі - сатып алу саласын жетілдіру.

Үкіметке мемлекеттік сатып алу жүйесін орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша енгізуді тапсырамын.

Квазимемлекеттік секторда, табиғи монополия және жер қойнауын пайдалану салаларында да сатып алу шараларын өткізу әдістерін түбегейлі қайта қарастыру керек.

Сыбайлас жемқорлықпен күресте көп нәрсе бүкіл қоғамныӊ белсене атсалысуына байланысты. Илеуметтік желініӊ, өзге де медиа-ресурстардыӊ дамуы жағдайында, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет барысында оны жалпы жұртшылықтыӊ жек көруі күрестіӊ қуатты құралына айналуға тиіс.

Құрметті қазақстандықтар!

Осы Жолдау арқылы еліміздіӊ әр азаматына жаӊа жағдайдағы даму бағытымыз жөніндегі өз көзқарасымды жеткізгім келді.

Үкіметке "Қазақстанныӊ ұлттық технологиялық бастамасы" деп аталатын Елді үшінші жаӊғырту жөніндегі 2025 жылға дейінгі дамудыӊ стратегиялық жоспарын әзірлеуді тапсырамын.

Бізде уақыт талабын лайықты қабыл алып, елімізді одан әрі жаӊғырту жөніндегі міндеттерді орындаудан басқа жол жоқ.

Біздіӊ ұлы халқымыз бірегей тарихи мүмкіндікті толықтай пайдалана алатынына сенемін.

Қымбатты достар!

Қазақстан - жас, көп ұлтты, болашағына сенімді және қарқынды дамып келе жатқан мемлекет! Біз тәуелсіз Қазақстанныӊ 25 жылдық даму жолынан өттік. Алдағы 25 жылда бұдан да биік белестер күтіп тұр.

Мемлекет құру жолында теӊдессіз, мол тәжірибе жинап, жаӊа кезеӊге қадам басып отырмыз. Алдымызда қандай қиындықтар кездессе де, оларды еӊсере алатынымызға сенімдімін. Біздіӊ басты күшіміз - бірлікте.

Қазақстанды кейінгі ұрпақ үшін бұдан да өсіп-өркендеген елге айналдырамыз!

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны