26.07.2013, 14:52 3092

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады

С.Мыңбаев ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы туралы хабардар етті және таяу келешектегі жоспарлар туралы айтып берді.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

С.Мыңбаев ұлттық компанияның бірінші жартыжылдықтағы қызметінің қорытындысы туралы хабардар етті және таяу келешектегі жоспарлар туралы айтып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ отандық ірі компаниялардың бірі болып саналатынын, еліміздің экономикасының дамуы көп жағдайда оның қызметіне байланысы екенін атап өтті, сондай-ақ технологиялық күрделі жобаларды іске асыру үшін өзіміздің жоғары білікті кадрларымызды даярлау қажеттігіне назар аударды.

Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелер бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны