22.08.2016, 16:45 3388

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан мен Польша Президенттері бірқатар екіжақты құжаттарға қол қояды

Астана.22 тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті мемлекеттік сапармен Варшаваға келді. Сапар аясында Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Польша Республикасыныӊ Президенті А.Дудамен кездесуі және кеӊейтілген құрамда келіссөздер өткізуі көзделген. Оныӊ қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қою жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысыныӊ Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысуы қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны