28.07.2012, 11:44 2652

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XXX жазғы Олимпиялық ойындардың ашылуына қатысты

Қазақстан Лондондағы XXX жазғы Олимпиялық ойындарға спорттың 25 түрінен сайысқа 116 спортшысын қосқалы отыр. Осының алдындағы Бейжің Олимпиадасына еліміз спорттың 23 түрі бойынша қатысқан болатын. Біршама ұзақ үзілістен соң қазақстандық спортшыларға семсерлесу, су добы, сонымен қатар, байрақты бәсекенің әйелдер боксынан өтетін жаңа жарысына (Олимпиялық ойындар бағдарламасына тұңғыш рет қосылып отыр) олдамалар жеңіп алудың сәті түсті.

Лондон. 28-шілде. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев XXX жазғы Олимпиялық ойындардың ашылуына қатысты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Лондондағы XXX жазғы Олимпиялық ойындарға спорттың 25 түрінен сайысқа 116 спортшысын қосқалы отыр. Осының алдындағы Бейжің Олимпиадасына еліміз спорттың 23 түрі бойынша қатысқан болатын. Біршама ұзақ үзілістен соң қазақстандық спортшыларға семсерлесу, су добы, сонымен қатар, байрақты бәсекенің әйелдер боксынан өтетін жаңа жарысына (Олимпиялық ойындар бағдарламасына тұңғыш рет қосылып отыр) олдамалар жеңіп алудың сәті түсті.

Бұл жолғы Олимпиялық ойындарда барлығы 302 жүлде қоры сарапқа салынады.

Лондондағы XXX жазғы Олимпиялық ойындар 27 шілде мен 12 тамыз аралығында өтеді. Алдағы үш апта бойына 204 елден келген 10 мыңнан астам спортшы мың олимпиялық медаль үшін сайысқа түсетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны