22.09.2009, 09:31 1422

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Жамбыл облысында болды

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Жамбыл облысында болды

Астана. 22 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс бабындағы сапармен Жамбыл облысында болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент "Жасұлан" ЖШС-нің үйде өсірілетін өсімдіктерімен танысты. Жалпы алаңы 3 гектарды алып жатқан жылыжайда өсімдіктердің бөлмеде өсірілетін әр түрлі тұқымдары өсіріледі. Барлық өсімдіктер Германиядан әкелінеді.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ жылыжай кешенін аралап, облыстың фермерлерімен кездесті.

Одан кейін мемлекет басшысы Жамбыл облысының құрылғанына 70 жыл толуына арналған салтанатты рәсім өткен "Баласағұн" орталық концерт залына келді.

Мерекелік іс-шараларға қатысушылардың алдында сөз сөйлеген Нұрсұлтан Назарбаев 70 жыл - бұл ежелгі өңір тарихының бір бөлігі екенін атап өтті. Облыс шығармашылығы әр түрлі ұлт өкілдерінің есінде жақсы сақталған қазақ халқының талантты ұлы Жамбылдың атымен аталады.

Бүгінде облыста 80-нен астам ұлт өкілі бейбіт пен келісімде өмір сүріп келеді.

"Бұл Қазақстан бойынша жағдайды көрсететін, шағын көрініс іспеттес көрнекті жағдай", - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Президент үкіметке жылдың соңына дейін еліміздің 2020 жылға дейінгі даму стратегиясын әзірлеуді аяқтау тапсырылғанына назар аударды.

"Біз экономика құрылымын түбірімен өзгертетін боламыз, қаржылық сектордың тұрақтылығын нығайтамыз, іскерлік климат пен азаматтардың кәсіпкерлік белсенділігін жақсартамыз, әлеуметтік саланы белсенді дамытамыз. Осы жоспарлардың орындалуына жамбылдықтар лайықты үлестерін қосады деп сенемін",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны