09.09.2016, 21:42 6744

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өтті

"Биыл біз Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл оқиға аясындағы барлық мерекелік іс-шаралар тиісті қоғамдық-саяси тәртіпті қамтамасыз ете отырып, жоғары деӊгейде өткізілуі керек. Бұл әсіресе біздіӊ сыртқы және ішкі қауіпсіздігімізге әсер ететін әлемдегі сын-қатерлердіӊ артуы кезінде айрықша өзекті болып отыр", - деді Елбасы.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ төрағалығымен Қауіпсіздік кеӊесініӊ отырысы өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today Ақордаға сілтеме жасап.

Астана мен Алматы қалаларыныӊ және облыс әкімдерініӊ қатысуымен өткен отырыс барысында ұлттық қауіпсіздікті және қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етудіӊ өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Президенті қатысушыларға арнаған сөзінде биыл еліміз бірқатар тарихи маӊызды оқиғаны мерекелейтінін айтты.

"Биыл біз Қазақстан Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығын атап өтеміз. Бұл оқиға аясындағы барлық мерекелік іс-шаралар тиісті қоғамдық-саяси тәртіпті қамтамасыз ете отырып, жоғары деӊгейде өткізілуі керек. Бұл әсіресе біздіӊ сыртқы және ішкі қауіпсіздігімізге әсер ететін әлемдегі сын-қатерлердіӊ артуы кезінде айрықша өзекті болып отыр", - деді Елбасы.

Бұдан бөлек, өӊірлер әкімдеріне Ұлт жоспарын, қабылдаған әлеуметтік міндеттемелерді тиімді орындау, жұмыспен қамту және халықтыӊ мұӊ-мұқтажына уақытылы назар аудару, сондай-ақ жергілікті жерлерде идеологиялық жұмыстарды жақсарту жөнінде міндеттер қойылды.Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік Кеӊесі отырысыныӊ қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны