02.04.2015, 22:49 4603

Мемлекет басшысы "Орал "Зенит" зауыты" АҚ-да болды

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еӊбек ұжымыныӊ мүшелерімен әӊгімелесті. Мемлекет басшысы кеме жасау отандық экономикадағы жаӊа сала екенін, оныӊ шығаратын өніміне нарықта сұраныс бар екенін айтты. Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму осындай кәсіпорындарға арқа сүйейтініне назар аударды.

Астана. 1 сәуір. Kazakhstan Today - Зауытқа келген Елбасы катерлер мен кемелердіӊ макеттері қойылған көрмені аралап көрді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ еӊбек ұжымыныӊ мүшелерімен әӊгімелесті. Мемлекет басшысы кеме жасау отандық экономикадағы жаӊа сала екенін, оныӊ шығаратын өніміне нарықта сұраныс бар екенін айтты. Қазақстан Президенті индустриялық-инновациялық даму осындай кәсіпорындарға арқа сүйейтініне назар аударды.

Иӊгіме барысында зауыт жұмысшылары елде жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға қолдау білдіре отырып, өз табыстары туралы баяндады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

***

Кәсіпорын арнаулы техника, мұнай-газ саласы үшін жабдықталған катер және кемелер сияқты өнімдер шығарады. Зауыт технологиялық үдерістердіӊ кеӊ ауқымын қажет ететін конструкциясы күрделі әрі қиын бұйымдар жасауға бағытталған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны