16.03.2016, 19:24 4250

Мемлекет басшысы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты жатақханасыныӊ жаӊа ғимаратына барды

Қазақстан Президенті жатақханада күнделікті тұрмыс пен демалыс үшін барлық жағдай жасалғанын айтты. Соған орай Нұрсұлтан Назарбаев республикада жастарды қолдау мен олардыӊ білім алуы мәселелеріне ұдайы көӊіл бөлінетінін, соныӊ ішінде бұл жұмыс "Серпiн-2050" мемлекеттік бағдарламасы аясында да атқарылып жатқанын атап көрсетті

Астана. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Елбасы ғимаратты аралап көріп, онда тұрып жатқан, "Серпiн-2050" бағдарламасы бойынша оқиын студенттермен әӊгімелесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті жатақханада күнделікті тұрмыс пен демалыс үшін барлық жағдай жасалғанын айтты. Соған орай Нұрсұлтан Назарбаев республикада жастарды қолдау мен олардыӊ білім алуы мәселелеріне ұдайы көӊіл бөлінетінін, соныӊ ішінде бұл жұмыс "Серпiн-2050" мемлекеттік бағдарламасы аясында да атқарылып жатқанын атап көрсетті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

500 адамға арналған пәтер үлгісіндегі жатақхана 2015 жылы ашылған. Онда "Серпін" бағдарламасы бойынша оқитын 300 студент тұрады. Ғимаратта демалуға арналған бөлмелер, медицина кабинеті, жаттығу залы, жеке заттарды сақтайтын қойма, техникалық орынжайлар және мүмкіндігі шектеулі студенттер үшін арнайы жабдықталған бөлмелер бар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны