31.05.2016, 13:45 8485

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен кездесті

Кездесуде мемлекеттер басшылары кеӊ ауқымды мәселелерді, атап айтқанда, екіжақты ынтымақтастықтыӊ басымдығы бар бағыттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдыӊ жай-күйін талқылады

Астана. 31 мамыр. Kazakhstan Today - Кездесуде мемлекеттер басшылары кеӊ ауқымды мәселелерді, атап айтқанда, екіжақты ынтымақтастықтыӊ басымдығы бар бағыттарын, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдыӊ жай-күйін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазақстан Президенті Ресейдіӊ еӊ жақын көршіміз, экономикалық және саяси тұрғыдан одақтасымыз әрі серіктесіміз екенін, солай болып қала беретінін атап өтті, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Біздіӊ бірлесе жүргізген жұмыстарымыздыӊ арқасында ТМД өмір сүріп келеді, Еуразиялық экономикалық одақ құрылды. Күрделі халықаралық жағдайларға қарамастан, ол бүгінде қызметін жалғастыруда. Мәскеуде өткен Жеӊіс күні мерекесіне шақырғаныӊыз үшін тағы да ризашылығымды білдіремін. Биыл үлкен мерекелер бар - ТМД-ныӊ құрылуыныӊ 25 жылдығы, сондай-ақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер тәуелсіздігініӊ мерейтойлары, Ресей күні. Жалпы, біздіӊ алдымызда ШЫҰ, ТМД мемлекеттері басшылары кеӊесі, Қазақстан мен Ресей өӊіраралық ынтымақтастық форумы, сондай-ақ Петербург халықаралық экономикалық форумы аясында тығыз кездесулер кестесі тұр. Осындай кездесулердіӊ көптігі біздіӊ елдеріміз арасындағы қарым-қатынастыӊ өзара сенімді сипаты бар екенін білдіреді. Талқылаулар арқылы біз кез келген мәселені шешіп келеміз, бұл ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға септігін тигізеді, - деді Мемлекет басшысы.

Сондай-ақ В.Путин 9 мамырда Мәскеуге сапармен келгені үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Біз мұны айрықша қарым-қатынасымыздыӊ белгісі деп бағалаймыз. Қазақстан - біз үшін жақын серіктес және еӊ сенімді одақтас. Арамызда берік экономикалық қарым-қатынас орныққан. Бұған дейінгі жылдарда Қазақстан экономикасы жақсы қарқын алып, оныӊ дамуыныӊ іргелі негізі қаланды. Осыныӊ барлығы қазіргі қиындықтарды еӊсеруге мүмкіндік береді. Еуразиялық экономикалық одақтан біз ешқандай "ғажайыптар" күтпейміз, бірақ интеграциялық өзара іс-қимыл бізге қазіргі қиындықтарды жеӊуге көмегін тигізеді, - деді Ресей Президенті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны