08.02.2016, 17:30 3488

Мемлекет басшысы Ресей Федерациясыныӊ Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті

Тараптар Ресей-Түркия қарым-қатынасыныӊ нашарлауына қатысты да пікір алмасты. В.Путин ахуалды Түркия жағы күрделендіргенін қайталап айтып , соған орай жағдайды түзеуге Түркия қадам жасауға тиістігін алға тартты.

Астана. 8 ақпан. Kazakhstan Today - Президенттер екі ел экономикасындағы ахуалды, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕурАзЭО) аясындағы және екіжақты форматтағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Сонымен қатар, Ресей мен Украина қарым-қатынасыныӊ қазіргі жағдайы мен Минск уағдаластықтарын орындауды жалғастыру жайын қарастырды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Тараптар Ресей-Түркия қарым-қатынасыныӊ нашарлауына қатысты да пікір алмасты. В.Путин ахуалды Түркия жағы күрделендіргенін қайталап айтып , соған орай жағдайды түзеуге Түркия қадам жасауға тиістігін алға тартты.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин Қазақстан мен Ресейдіӊ екіжақты қарым-қатынасы қазіргідей күрделі жағдайда сенімге, дәстүрлі достық пен тату көршілестікке негізделетінін айтты.

Сондай-ақ екі мемлекеттіӊ лидерлері 2016 жылы ШЫҰ, ЕурАзЭО, Өӊіраралық ынтымақтастық форумы және басқа құрылымдар аясында өтетін кездесулер кестесін талқылады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны