13.12.2016, 17:53 3469

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктіӊ 25 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заӊға қол қойды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заӊға қол қойды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Астана. 13 желтоқсан. Kazakhstan Today - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігініӊ жиырма бес жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заӊға қол қойды, деп хабарлады Ақорданыӊ баспасөз қызметі.

Нұрсұлтан Назарбаев рақымшылық жасау мемлекеттіӊ ізгі ниетініӊ көрінісі болып саналатынын айтты.

"Отандастарымызға қатысты жасалған осынау кешірім мен мейірім және үміт актісі қоғамды сауықтыруға мүмкіндік береді. Рақымшылық жасау шарасы әлеуметтік тұрғыдан осал адамдарды, атап айтқанда, кәмелетке толмағандарды, жүкті және балалары бар әйелдерді, мүгедектер мен қарттарды қамтиды", - деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы елімізде Тәуелсіздік жылдарында 8 рет рақымшылық жасалғанын айтты.

"Рақымшылық 28 мыӊға жуық азаматқа жасалады деп жоспарланып отыр. Бұл - ел Тәуелсіздігініӊ мерейтойы қарсаӊындағы маӊызды адамгершілік акциясы", - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев түзеу мекемелерінен 1500 адам босатылып, соныӊ 80%-ы пробация қызметініӊ бақылауында болатынын атап өтті.

"Бұлардыӊ бәрі - өз азаматтарымыз. Олардыӊ түзу жолға түсіп, қоғамнан орнын табуына мүмкіндік беру керек. Бәріміз оларға көмек көрсетуіміз қажет. Кешірім жасалғандар енді заӊсыздыққа жол бермейді деп үміттенемін", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Тәуелсіздік жылдарында республикамызда заӊнаманы ізгілендіру жолында ауқымды жұмыс атқарылғанын айтты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны