22.04.2015, 21:34 3737

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президенті Гүрбангулы Бердымұхамедовпен телефон арқылы сөйлесті

Алдағы президенттік сайлауға тоқталған Гүрбангулы Бердымұхамедов бұл оқиға Қазақстанныӊ бұдан әрі тұрақты дамуы үшін маӊызды екенін атап өтті

Астана. 22 сәуір. Kazakhstan Today - Алдағы президенттік сайлауға тоқталған Гүрбангулы Бердымұхамедов бұл оқиға Қазақстанныӊ бұдан әрі тұрақты дамуы үшін маӊызды екенін атап өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Екі елдіӊ көшбасшылары екіжақты ынтымақтастықтыӊ өзекті мәселелерін, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ Түрікменстанға 2014 жылғы желтоқсандағы сапары кезінде жасалған уағдаластықтардыӊ жүзеге асырылу барысын талқылады. Бұл туралы Ақорданыӊ баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшылары сапар қорытындысын жоғары бағалады және сауда-экономика әлеуеті мен "Қазақстан - Түрікменстан - Иран" теміржол магистралін тиімді пайдалану қажеттігін тағы бір рет атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Гүрбангулы Бердымұхамедов Түрікменстан Президентініӊ Қазақстанға алдағы ресми сапарына дайындық мәселелері жөнінде де сөз қозғады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны