07.06.2007, 14:00 2571

Мемлекет басшысы үкіметке оң тізгінді көліктерге қатысты мәселені тағы бір рет зерделеуді тапсырмақ

АЛМАТЫ. 7 - мамыр. Kazakhstan Today. Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке тізгіні оң жақта орналасқан көліктерді пайдалануға тыйым салуға байланысты мәселені тағы бір рет зерделеуді тапсырмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Оң тізгінді көліктердің иелеріне қандай да бір уақыт беру керек. Бұл мәселені мұқият қарастыру қажет деп ойлаймын. Мен үкіметке оны тағы бір рет зерделеуді тапсырам",- деді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін өзінің бірінші интернет-конференциясы барысында.

"Бұл мәселеде ең бастысы - адамдардың қауіпсіздігі",- деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев. "Бізде оң бағытты қозғалыс белгіленген және барлық жол инфрақұрылымы тізгіні сол жақта орналасқан көліктерге есептелген. "Оң тізгінділердің" кесірінен жолдардағы апаттар саны өсуде",- деді президент, статистика мәліметтерін келтіре отырып. "Осы жылдың 4 айында жол апатының саны 150-ден 212-ге дейін өскен. Апат салдарынан қайтыс болғандар мен жарақат алғандар саны да өсті. Бұл мәселені Қауыпсіздік кеңесінің отырысында қарағаннан кейін де тізгіні оң жақтағы 40 мыңға жуық машина елге енгізілген ",- деді мемлект басшысы. Сонымен қатар, ол "Қазақстанда 100-ге жуық компания көлік тізгінін қайта орнатумен айналысатындағын" атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны