04.01.2007, 10:01 3256

Мемлекет басшысы Ұлттық банк, Қаржылық бақылау агенттігі мен Халық банкінің басшылығымен кездесуде еліміздегі қаржы саласының дамуын талқылады

АСТАНА. 4-қаңтар. Kazakhstan Today. Кеше Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банк төрағасы Инуар Сәйденовті және Қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігінің төрағасы Арман Дунаевты, сондай-ақ, Халық банкінің басқарма төрағасы Григорий Марченконы қабылдады, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, И.Сәйденовпен және А.Дунаевпен кездесуде елдің қаржы жүйесінің, ақша-кредит саясатының тұрақтылығына, Алматы өңірлік қаржы орталығын, Ұлттық банкті және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігін дамытуға қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Президент Агенттікті нығайтудың және қаржы жүйесіне толыққанды әрі тиімді бақылау жасауды жүзеге асыру қажеттілігін атап өтті, сондай-ақ, 2007 жылға арналған бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ал Халық банкінің басқарма төрағасы Григорий Марченкомен кездесуде елдің қаржы секторындағы ахуал және оны дамыту жолдары, Халық банкі үшін және тұтастай алғанда, елдің банк секторы үшін былтырғы жылдың қорытындылары талқыланды. Мемлекет басшысы Халық банкі ұжымын банк акцияларын Лондон қор биржасына табысты орналастыруымен құттықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны