13.08.2012, 10:42 2858

Мемлекет басшысы жер сілкінісі салдарынан адам қазасына әкеліп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты Иран халқына көңіл айту жеделхатын жолдады

"Шығыс Изербайжан провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдар құрбан болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Табиғат апатынан қаза тапқан жандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Иран халқына Қазақстан халқының атынан және өз тарапымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақ екендігімізді білдіреміз, - делінген жеделхатта.

Астана. 13-тамыз. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Изербайжан провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан адам қазасына әкеліп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты Иран Ислам Республикасының Президенті Махмұд Ахмадинежадқа көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Шығыс Изербайжан провинциясындағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамдар құрбан болғаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алдым. Табиғат апатынан қаза тапқан жандардың туған-туыстары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Иран халқына Қазақстан халқының атынан және өз тарапымнан көңіл айтып, қайғыларыңызға ортақ екендігімізді білдіреміз, - делінген жеделхатта.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны