12.10.2017, 17:12 4860

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысына қатысты

Қазақстан Президенті 2018 жылы одаққа мүше елдердіӊ экономикасын цифрландыру жөнінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ арнайы кездесуін өткізуді ұсынды.

Астана. 12 қазан. Kazakhstan Today - Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысына қатысты, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Президенті Сочи қаласында 11 қазанда ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ шағын құрамда өткен отырысына қатысты.

Кеӊеске Изербайжан Республикасыныӊ Президенті И.Илиев, Армения Республикасыныӊ Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасыныӊ Президенті А.Лукашенко, Молдова Республикасыныӊ Президенті И.Додон, Ресей Федерациясыныӊ Президенті В.Путин, Тәжікстан Республикасыныӊ Президенті Э.Рахмон, Түрікменстан Президенті Г.Бердімұхамедов, Өзбекстан Республикасыныӊ Президенті Ш.Мирзиёев, сондай-ақ Қырғыз Республикасыныӊ Премьер-Министрі С.Исақов және ТМД-ныӊ Атқару комитетініӊ төрағасы - Атқарушы хатшысы С.Лебедев қатысты.

Қазақстан Президенті сөйлеген сөзінде ТМД-ға мүше елдердіӊ арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты дамытуда ұйымныӊ ерекше рөл атқаратынын атап өтті.

Мемлекет басшысы ТМД-ны жаӊғырту мен оны жетілдіруге қатысты бірқатар өзекті бағыттар жөнінде айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев ТМД-ны одан әрі дамыту тұжырымдамасын қайта қарап, жаӊа іс-шаралар жоспарын әзірлеуді ұсынды.

Сонымен бірге, Қазақстан Президенті достастық елдері арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынастарды нығайту мәселелеріне тоқталды.

- ТМД аумағында қызмет көрсетудіӊ еркін саудасы бизнесмендеріміз үшін зор мүмкіндіктер туғызып, елдеріміздіӊ сауда-экономикалық кооперациясын жаӊа деӊгейге шығарады. Үкіметтер басшыларыныӊ кеӊесі мен Атқару комитетіне Қызмет көрсетудіӊ еркін саудасы туралы келісімніӊ жобасы бойынша жұмысты жандандырып, оны жуық арада қабылдау жөнінде тапсырма беруді ұсынамын, - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясыныӊ ұйымға төрағалығыныӊ нәтижелі болғанын айтып, келесі жылы ТМД-ға төрағалық ететін Тәжікстан Республикасына табыс тіледі.

Нұрсұлтан Назарбаев сондай-ақ, бұл күні ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеӊесініӊ кеӊейтілген құрамда өткен отырысына қатысты.

Жиында мемлекеттер басшылары ТМД аясындағы өзара іс-қимылды одан әрі нығайту жолдарын талқылап, достастықтыӊ тиімділігін арттыру, оған мүше елдердіӊ сауда және инвестициялық байланыстарын тереӊдету мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Сонымен бірге, отырыста Тәжікстан Республикасыныӊ ТМД-ға төрағалық ету кезеӊінде атқаратын жұмыс жоспары, Түрікменстанныӊ достастықты одан әрі дамытуға қатысты ұстанымы және ТМД-ныӊ Парламентаралық ассамблеясы аясында атқарылған жұмыс нәтижелері жөнінде баяндалды.

Кеӊес отырысыныӊ қырытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа және қылмыстық жолмен алынған табыстарды заӊдастыруға қарсы күрес саласындағы құжаттарға қол қойылды.

Бұдан бөлек, ТМД елдерініӊ басшылары мәдениет, білім беру, ғылым және туризмге қатысты байланыстарды нығайтуға әрі кеӊейтуге бағытталған гуманитарлық саладағы бірқатар маӊызды шешімдерді қарастырып, отбасын және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қолдау туралы мәлімдеме қабылдады.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ отырысына да қатысты.

Кеӊеске Армения Республикасыныӊ Президенті С.Саргсян, Беларусь Республикасыныӊ Президенті А.Лукашенко, Молдова Республикасыныӊ Президенті И.Додон, Ресей Федерациясыныӊ Президенті В.Путин, сондай-ақ Қырғыз Республикасыныӊ Премьер-Министрі С.Исақов және Еуразиялық экономикалық комиссия алқасыныӊ төрағасы Т.Саркисян да қатысты.

Отырыста мемлекеттер басшылары Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылдыӊ және экономикалық одақты одан әрі дамытудыӊ бірқатар өзекті мәселелерін талқылап, Еуразиялық экономикалық комиссияныӊ есебін тыӊдады.

Келіссөздер барысында Еуразиялық экономикалық одақтыӊ қызметі оған мүше елдердіӊ экономикасына оӊ әсер етіп отырғаны және интеграциялық үдерістерді күшейтудіӊ маӊыздылығы атап өтілді.

Нұрсұлтан Назарбаев жиында қабылданған Еуразиялық экономикалық одақтыӊ цифрлық күн тәртібін іске асырудыӊ негізгі бағыттарыныӊ маӊызды екенін айтты.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті 2018 жылы одаққа мүше елдердіӊ экономикасын цифрландыру жөнінде Жоғары Еуразиялық экономикалық кеӊестіӊ арнайы кездесуін өткізуді ұсынды.

Соӊында тараптар қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасындағы ынтымақтастықты бұдан да жоғары деӊгейге көтеруге мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны