05.09.2007, 12:16 1732

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 5 қыркүйек. БАЛҚАШ. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев екі күндік жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барады, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін президент 70 жылдық мерейтойын атап өтетін Балқаш қаласында болады. Мемлекет басшысы ең алдымен "Балхашцветмет" өндірістік бірлестігінің күкірт ангидридін пайдалы жарату зауытында болады. Бұдан кейін Н. Назарбаев Ағыбай батырдың ескерткішіне гүл шоқтарын қояды. Түске дейін, сондай-ақ, президент қалалық сотқа барып, біртұтас автоматтандырылған ақпараттық-талдау жүйесімен танысады. Бұған қоса президент "Балхашцветметтің" сауықтыру орнында да болуы мүмкін.

Түстен кейін Н. Назарбаев Сәтпаев қаласына аттанады. Кешкісін қаладағы мұз сарайында "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС-нің 10 жылдығына орай салтанатты шаралар жоспарланған.

Сол күні кешке Елбасы Жезқазғанға келеді. Нысандарды аралау бейсенбіге межеленген. 6 қыркүйек күні Н. Назарбаев Жезқазғандағы "Қазақмысқа" қарасты мыс балқыту зауытының балқыту цехын аралап, "Нұр Отан" Халықтық-демократиялық партиясының қалалық филиалының кеңсесінде болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны