01.10.2008, 10:10 1445

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді

Өскемен. 1 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кеше Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

Елбасы онда бүгін "Өскемен титан-магний комбинатының" магний өндірісі цехында болады, №1 кәсіптік-техникалық оқу-білім және өндірістік базасымен танысады, одан кейін Глубокое ауданындағы Краснояр ауылдық округінің Предгорное ауылында ауыл әкімдерімен кездесу өткізеді деп күтілуде. Кездесуге сонымен қатар, барлық деңгейлердегі әкімдер мен депутаттар шақырылған.

Сондай-ақ, облыс әкімі Иділғазы Бергенев мемлекет басшысына аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен өңір экономикасының жаңа даму бағыттары жайлы есеп береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны