08.06.2015, 15:35 3967

Мемлекет басшысыныӊ қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аӊдатпасы

9 маусымда Қазақстан Президенті Астанада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ V съезі аясында Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездеседі деп жоспарланып отыр

Астана. 08 Маусым. Kazakhstan Today - 9 маусымда Қазақстан Президенті Астанада өтетін Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларыныӊ V съезі аясында Финляндия Президенті Саули Ниинистёмен кездеседі деп жоспарланып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

10-11 маусымда Мемлекет басшысы "Діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердіӊ бейбітшілік және даму жолындағы диалогы" деген тақырыппен өтетін Съездіӊ жұмысына қатысады. Бұл туралы Ақорданы? баспасөз қызметінен хабарлады.

Сондай-ақ съезд аясында Нұрсұлтан Назарбаевтыӊ БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Иордания Королі ІІ Абдалламен кездесуі жоспарланған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны